ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, интербелсенді әдістер арқылы баланың интеллектуалдық қабілетін дамыту және тәрбиелеу олардың жеке басының, психологиялық сапаларының қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Балалардың неге қабілетілігін дұрыс анықтап, оны дамытуды тиімді ұйымдастыруда, қалыптастыруда тәрбиешінің, ата-ананың жеке басының үлгі -өнегесінің де маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілет қасиеттерінің ерекшелігін білу әрбір тәрбиеші мен ата-ана үшін маңызды.
Тақырыпты ашу барысында белгілі зерттеушілердің еңбектеріне сүйеніп И.П. Павлов, Л.Е. Выготский, А.Н. Леонтьев, В.Д. Небылицынның зерттеулер мен Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаеваның ғылыми әдебиеттеріне талдау жасалды. Кез келген адам қандай да болмасын бір нәрсеге қабілетіз болмайды. Оны тек неге қабілетті екенін дұрыс анықтап, соны дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екендігін дәлелдейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Зерттеудің эксперименттік бөлімінде баланың интербелсенді әдістер арқылы интеллектуалдық қабілетін анықтау үшін психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді. Психодиагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне қарай түзету жаттығуларын қарастырдық. Мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетін жетілдіруді мақсат ете отырып түзетуді психокоррекциялық жаттығулар, тапсырмалар, ойындар, сергіту ойындары жүргізу арқылы ұйымдастырдық.
Қалыпқа келтіру экспериментке іріктелінген әдістемелер, жаттығулар, ойындар күнделікті іс - әрекет жағадайында негізгі сабақты бекіту мен жаңа тақырыпты қабылдау, сергіту, қорытындылау мақсатында сабақтаса жүрді. Нәтижесінде сыналушы топ дамыту жұмыстарының әсерін бақылай алдық. Зерттеу міндеттеріне сәйкес түзету –дамыту жұмыстарының нәтижесінен сыналушы топтың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етіп көрсеткіштерінің біршама жоғарлағаны байқалды.
Зерттеу жұмысымның алға қойған мақсат-міндеттері толық орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |