Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2017 Стр/бет из 27



бет11/13
Дата26.02.2022
өлшемі106,46 Kb.
#26474
түріКурсовая
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
курстық жұмыс

«Сиқырлы айна» әдісі. Бұл әдісті сабақ соңында алуға  болады. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне қарап сұрақтар  қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жаап  беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.

Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады. 

Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:


  • тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

  • тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

  • педагогикалық қолдау көрсету.

«Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» Джон Дьюид айтқандай, қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету -әр педагогтың басты міндеті.

Зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімі Семей қаласы «Балапан» балабақшада жүргізілді. Экспериментке «Әсем-ай» ересектер тобы қатысты. Әр топта 30 бала тәрбиеленеді.

Эксперименттік сынақта психодиагностикалық жұмыстар ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау іс-шараларын жүргіздік.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы тапсырмасы «Бұл қай кезде болады» әдістемесі. Әдістеме балалардан жыл мезгілі туралы мағлұмат алу. Балалар жыл мезгілінде болатын ерекшеліктерді сөз арқылы суреттеп береді.

Екінші тапсырма. Балаларға шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш беріледі. Олар осы суреттерден қиялдары арқылы бейнелер құрастыру.

1. Оқушының алдына алты тіктөртбұрыш берілген. Олар неге ұқсайды? Мысалы, бір тікбұрыш үйшікке, екіншісі кітапқа тб. Осы тікбүрыштарды аяқтау ұсынылады.



2. 6 шеңберден тұратын фигураларды ұсынып, сол фигуралардан басқа суреттер шығару.



3. 6 үшбұрыштан құралған фигуралар берілді. Оқушылар сол фигуралардан суреттер ойланып табуу қажет.



Үшінші тапсырма. Балалардың өзге балалардан қалай ерекшеленетіні жөнінінде, неге қабілетті екендігін анықтауға «Адам салу» тесті өткізілді. Әдістеменің мақсаты: Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.

Нұсқау: «Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал». Егер бала салғысы келмесе, оны қызықтыру қажет. Қойылған сұрақ балаларға жанама түрде беріледі. Сурет салынып біткен соң сұрақтар қою арқылы не бейнеленгені сипатталады.

Сурет туралы мәлімет алу үшін мына сұрақтарды қойдық:



    • Кім бейнеленген?

    • Ол дәл қазір не істеп жатыр?

Сонымен қатар салынған сурет бойынша суреттің боялуы, орналасуы, сызықтың сапасы, қанша адам салынған, бөлшектердің орналасу ерекшеліктері арқылы бала тұлғасының даму туралы мәлімет алынды.

Баланың интеллектуалды қабілетін анықтау үшін екінші тапсырма ермек саздан отбасы мүсінін құрастыру.

Тұлғалар өздерінің отбасындағы мүшелерінің мүсіндерін жасайды. Жасалған мүсін туралы өздері мағлұмат береді. Балалардан төмендегі сұрақтар арқылы мүсіндеріне сипаттама аламыз:


    • кімдердің мүсіндері жасалынған

    • олар дәл қәзір не істеп жатыр?

    • неге мына адам бұлай орналасқан? тб.

Мектепке дейінгі баланың интеллектуалды қабілетінің даму ерекшеліктерінің көрсеткіштері:

Сыналушы топ: 10% - жоғары деңгей

45% - орташа деңгей

45% - төмен деңгей

Бақылау тобы: 9% - жоғары деңгей

40% - орташа деңгей

51% - төмен деңгей

Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

Мектепке дейінгі баланың интеллектуалдық қабілеті әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – тұлғаға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген тұлға мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың мінез-құлқындағы қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан жасырын интеллектуалды қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақ пен сергіту сәттерінде беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрып, тұлғалардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.

Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде жүргізілген бақылау нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеті, мінез – құлықтары, жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды. Анықтау экспериментіндегі алынған мәліметтерден кейін сыналушы топпен түзету-дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі балалардың интеллектуалды қабілетін зерттеу тапсырмалары:

1) интеллектуалды қабілетті дамытуға;

2) ойын түрінде;

3) ұжымдасып орындауға бағытталған сипатта, алдын – ала жоспарланып, жүргізілді. Балалардың интеллектуалды қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар, балалардың қоршаған ортадан көргендерін, естерінде сақталғандарын жаңғырта, сабақтар барысында жинақталған дағдыларын, тәжірибелерін пайдалана отырып байланыстырылды.

Эксперименттік сынақта түзету дамыту жұмыстар ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың қабілетін дамытуға арналған жұмыстардың нәтижесін бақылау іс-шараларын жүргіздік. Ол біздің анықтау экспериментінде әдістемелерімізді қайта қолдандық. Себебі сол арқылы өзгеру динамикасын көру үшін.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы тапсырмасы «Бұл қай кезде болады» әдістемесі. Мақсаты балалардан жыл мезгілі туралы мағлұмат алу. Балалар жыл мезгілінде болатын ерекшеліктерді сөз арқылы суреттеп береді.

Екінші тапсырма. Балаларға шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш беріледі. Олар осы суреттерден қиялдары арқылы бейнелер құрастыру.

Үшінші тапсырма. Балалардың өзге балалардан қалай ерекшеленетіні жөнінінде, неге қабілетті екендігін анықтауға «Адам салу» тесті өткізілді. Әдістеменің мақсаты: Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.

Мектепке дейінгі баланың интеллектуалды қабілетінің даму ерекшеліктерінің көрсеткіштері тузету жұмыстарынан кейін төмендегідей өзгерді:

Сыналушы топ: 15 % - жоғары деңгей

47 % - орташа деңгей

48 % - төмен деңгей

Бақылау тобы: 12 % - жоғары деңгей

43 % - орташа деңгей

55 % - төмен деңгей

Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қортындылай отырып, мектепке дейінгі балалардың жастық, психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес, интербелсенді әдістерді қолдана отырып интеллектуалдық қабілеттерін шындай алдық деп айта аламын. Жоғарыда көрсетілген пайыздық динамиканың өскені дәлел бола алады.

Балабақшада интербелсенді әдістерді тиімді қолдану, мектеп жасына дейінгі балалардың мақсатты түрдегі оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуде шығармашылық ой-өрісін, қиялын, талғамын қалыптастырудың бірден-бір кепілі деуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет