Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2017 Стр/бет из 27



бет9/13
Дата26.02.2022
өлшемі106,46 Kb.
#26474
түріКурсовая
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
курстық жұмыс

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының интеллектуалдық қабілетін интербелсенді әдістер арқылы дамыту

Қазіргі уақытта  оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн, қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер  интербелсенді әдістер- деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді - ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. 

Интербелсенді оқу/оқытуға келсек - әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету. Бұл әдіс – «бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер» идеясын басты назарда ұстайды. Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.

Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:



  • оқушылардың қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;

  • оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • өмірлік машықтарды қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін педагог өз жұмысын  жан-жақты жоспарлауы тиіс:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;

  • оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;

  • әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;

  • бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.Мысал ретінде алып қарастыратын болсақ:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет