Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде интербелсенді әдістерді пайдаланып балалардың интелектуалдық қабілеттерін дамыту негіз бола алады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде интербелсенді әдістерді пайдаланып балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту теориясы мен оны практикада пайдалана білу туралы педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан–2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.