Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуметін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Сонда оқушылардың шығармашылық жұмысы дегеніміз – оқушылардың шығармашылық еңбегіне еркін тақырыпта шығарма, оқыған кітаптарына рецензия жазуда да мұғалімнің түсінік нұсқау беруінен кейін немесе өз иннициативасымен практикалық жұмыстар істеуін немесе алдарына қойылған мәселені өздерінің шешуін де, т.б. жатқызылады.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Шығармашылық - бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік.
Баланың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету жолын да қамтиды. [13,98]??????
Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы қасиеттерін бір саты дамытатын болса, мұндай істердің бәрін шығармашылық жұмысқа жатқызамыз.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн: «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтадыяғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады (сілтеме????)
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді» (сілтеме???) сілтемесін көрсету керек бар болса