Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2018 Стр/бет из



бет2/17
Дата03.05.2023
өлшемі148,38 Kb.
#89491
түріКурсовая
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................
Жаңартылған білім беру мазмұнында оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытудың маңызы
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................






ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................










































КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын шығармашылық жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне орта буындағы сыныптарда қазақ тілі сабағында орындайтын шығармашылық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық жұмыс жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.
Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік шығармашылық жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік шығармашылық жұмыс оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады. [5,52] 
Оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель).
В.П.Беспалько өздік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, өздік жұмыс – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет.
Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. өз бетімен жұмысты – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдын қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады дейді. Б.П.Есипов оқушылардың өздік жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды. Осы ретте оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады. [10,78] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет