Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2018 Стр/бет из


Оқушының шығармашылық құзыреттілігін дамытуға қойылатын талаптар



бет6/17
Дата03.05.2023
өлшемі148,38 Kb.
#89491
түріКурсовая
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.2 Оқушының шығармашылық құзыреттілігін дамытуға қойылатын талаптар
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби-шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең – қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең – оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену – шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.


1.Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (Мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру, мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру).
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп, тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Оқушылар тапсырманы орындау барысында талдау, салыстыру, қорытынды жасау үшін белсенді, дербес әрекеттенеді. Сөйтіп, шығармашылық ойға көшеді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ең алдымен, оқушының белсенділігі, дербестігі ұғымдарымен байланыстыра қарау керек болады.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз – оның оқуға қажетті білім, дағды, іскерлік қабілетті меңгерту және оларды өмірде, практикада қолдану жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы: мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын ұғынып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып тыңдуы керек.
Мектепте оқушылар өзінің ақыл-ойының даму дәрежесіне сай берілген білімді саналы түрде ұғынып, игеретін болуы керек, үйретілген ереже, қорытындыларды талдай білетін болуы міндет. Бұл үшін оқушылардың ақыл-ойының белсенділігін барынша дамытып, оарды шамасы келетін оқу тапсырмаларын өз бетінше орындай білуге үйрету қажет.
Оқушыларға өзіндік жұмыс істеуге дағдыларын тәрбиелеу басты міндет болып саналады. Өйткені, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстарын кеңінен өрістетіп, оны жүйелі тәртіпке салу арқылы мұғалім оқушыларға білім негіздерін берік игертеді, білімді тұрмыста пайдалана білуге үйретеді.
Біріншіден, бұл үйге берілетін тапсырманың көлемін ықшамдуға да көмегін тигізеді.
Екіншіден, кітап бойынша өнімді жұмыс істеуге дағдыланған оқушы үй тапсырмасын сапалы орындйтын болады.
Өздік жұмыс технологиясының ерекшеліктері:
1. Түрлі құралдар арқылы оқушылар білім, іскерліктерін жиі тексеру.
2. Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
3. Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
4. Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себебін зерттеу, анықтау.
5. Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез-келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс- әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Шығатын қорытынды: оқыту процесіндегі оқушылардың өздік жұмыстары олардың іс-әрекет дербестігін, ой дербестігін қатар дамытатын, соған жетуге мүмкіндік беретін жұмыстар болуы керек. [11,55] ???
Қазақ тілінен мұғалім ұйымдастыратын шығармашылық жұмыстар: Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми- бұқаралық әдебиеттер, әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік-теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектердің зияткерлік қуаты – мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып, қамқорлыққа алу, оны дамыту – мұғалімдер қауымы үшін ортақ іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет