Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жасалатын жұмыстардың да негізінен оқушылардың танымдық қабілеттері артып, өмірлік жағдаяттарға аса мән берілетіні белгілі. Сондықтан қазақ тілі пәні бойынша оқытуды ұйымдастырудың түрлерін анықтау өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Жаңа стандартқа сәйкес оқытуды ұйымдастырудың неше түрлісі дамып, түрлі оқушыларды қызықтыратын әдіс-тәсілдердің де көбейе бастағаны мәлім. Оқушылардың құзіреттілігін дамыту заман талабына маңызды, себебі жаңартылған білім беру жүйесі бойынша шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық ізденіске талпындыру.
Зерттеу жұмысының болжамы: Біріншіден: Өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, құзыреттілігі дамиды.
Екіншіден: Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.
Үшіншіден:Рухани байлығы, ауызша, жазбаша тіл мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры молаяды.
Төртіншіден: Айналадағы қоршаған ортамен шығармашылық тұрғыда қарым-қатынас жасап, өзіндік ой тұжырымдау барысында мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиеленеді.
Бесіншіден:Ой-өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады.
Алтыншыдан: Зейін қойып тыңдау арқылы ойлау мен тапқырлықтары, логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастыру тәсілдерін анықтап, жаңартылған білім беру жүйесінің де әсерін зерттеу; Мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу үрдісінде оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру жолдарын анықтау
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылады: 1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік шығармашылық жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
2. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың іздемпаздығын, өзбетінше жұмысқа баулуды қалыптастыру мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.
3. Қазақ тілі сабағында орындайтын өзіндік, шығармашылық жұмыстарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстарын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.