2.2 Көркем шығармадағы есімше тұлғалы сөздердің қолданылу ерекшелігі
Қазіргі қазақ әдебиетінде есімше тұлғасының түрлерін көптеп кездестіріп жатамыз. Оның себебі көркем шығармада есім сөздер мен есімшелердің үйлесуі жазушының тілдік-стильдік шеберлігін көрсетеді. М.Әуезовтің «Абай-жолы» роман-эпопеясы, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы кездесетін, «» әңгімесі негізінде көркем шығармадағы есімшелердің кездесу түрлеріне тоқталып өтпекпіз. Үш түрлі шығарма мен үш түрлі жазушының стильдік негізінде есімшелер қандай қолданысқа иелік ететінін қарастырамыз. Соның нәтижесінде курстық жұмысымыздың негізгі зерттеу көзі анықталады.
Ең бірінші орында М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы есімшелердің қолданылу ерекшелігін сөз етейік. Қазақ əдебиетінде есімді сөйлемдер өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясында ең мол қолданылған.
Абай жолы романындағы құрмалас сөйлемдер ішінен есімді сөздер мен етістікті немесе сын есім мен есімшенің байланысы арқылы жасалып келетін есімді сөздерді көптеп кездестіреміз. Мәселен, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әр бөлімнен ойдың ұғымдық мəнін білдіретін есімді сөйлемдер мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай жəне құрмаластардың қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің есімді түрі соңғы уақытта айтыла бастады.
Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:– Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Ұры жатады...– дедi.
Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны едi. Содан жаңағы қауiптi деген Есембайға жеткенше, артына бiрде-бiр қараған жоқ.
Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазiргiдей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсiз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын.
Күнi бойы осылай етуге байлаған.– Бала деген қорқар болар едi. Ес бар ма өзiңде, пәруәрдiгер, – деп Байтас бабын таба алмай басын шайқайды .
Жоғарыда келтірген «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабынан,1-тарауы «Қайтқанда» бөлімінен алынған үзіндіден алынған мысаладардағы есімшелерге тоқталып өтелік:
Келгенде – кел түбір етістік, -ген есімшенің жұрнағы, де күрделі есімше жасаушы жұрнақ.
Отыратын – отыр -қалып етістік, -атын- есімше жұрнағы
Болатын- бол – етістік, -атын- есімше жұрнағы
Байлаған- бай- зат есім, -ла – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ, ған- есімшенің жұрнағы
Болар еді- бол- етістік, -ар- есімшенің келер шақтық формасы
Есімшелер салаласа байланысқа түсуі арқылы екі түрлі формада кездестіре аламыз:
Есімше формаса қарсылықты салалас сөйлемдердің де баяндауыштық қызметін атқаруы арқылы. Олар жалғаулықты әрі жалғаулықсыз түрде де жасалады. Мысалы: Осындай бір үй Амантайдың арманы болатын, ол арманға өмірде жетем демейтін еді .
Есімше тұлғасы себеп салдар салалас сөйлемдердің баяндауыштық қызметін атқарады. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Мұндағы сөйлемнің бағыныңқы сыңар баяндауышы бұлақ жалпы есімі мен бол көмекші етістігінің көмектес септік формасындағы есімшемен (-ған + мен) тіркесуі нəтижесінде зат есімді қарсылықты сабақтас сөйлем жасауға мұрындық болған. Басыңқы сыңарының баяндауышы қоныс жалпы есімі мен емес көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.
Есімшелер арқылы романда көбіне жалғаулықсыз құрмаластар жасалады. Құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда осы байланыс түрі сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы берік болмайды, дегенмен дербестік, тиянақтылық басым келеді.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жасаудағы форма тек меншікті баяндауыш формасы жоқ, қалыпты тиянақты жай сөйлемдерде баяндауыш қызметінде қолданылатын сөз таптарының әр түрімен болсын байланысқа түсе береді.
Екеуi жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсiп, "мен озам, мен озаммен" тепкiлесiп, созыла бердi.
Сөйтiп, осы белдiң ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бiр дүсiрдi есiттi.
Кәдiмгi "жолбасар" ұрыларша шапан-бөркiн айналдырып киiп, мұрнымен аузын қызыл орамалмен таңып алып, Жұмабайды қуғанда тағы сол ұрыларша, "даусымды танытпаймын" деп, мыңқылдап сөйлеп бұйрық берген .Осындағы жөнелгенде, бергенде, берген сөздері кейбірі күрделі құрмалас сөйлем болса, енді бірі жай сөйлем ішінде кездесетін есімшелер деп бөліп қарауымызға болады.
Сонымен қатар күрделі құрмалас сөйлемдерден жасалған есімшелерді де көркем әдебиетте кездестіруімізге болады. Мәселен Қобыланды жырынан келтірілген мысалдардан аңғара аламыз. Есімшенің -ғанда деген формасы түрінде кездесетін мезгіл бағыныңқылы сөйлем жасаудың төл тәсілі десек қателеспейміз. Ішінара үңілетін болсақ, құрамындағы жай сөйлемдегі біріңғай мүшелердің қызметіне ұқсас форманы кезіктере аламыз. Мысалы, Таң сәріде Қобыланды кемпір-шалдың қойнында жатқанда, Құртқа Тайбурылды көлденең жетелеп алып өткізгенді. Осы сөйлем мен екінші сөйлемге қарасақ: Тоғыз айға толғанда, ноғайланып үш кентін жинағандығы айтылады. Бұдан күрделі құрылымдарды құрушы лексика-грамматикалық сыңарлармен,оның құрамындағы жай сөйлемдердің тең единицалар емес екендігін аңғарамыз.
Күрделі құрмалас сөйлемдер ішінен көркем шығармадағы есімшелердің кездесетін тағы бір түрі көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді айтуымызға болады. Бұл тұста қазақ тілінде сатылы және көп бағыныңқылы деп бөліну дәстүрі бар.
Атақты жазушы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы есімшелердің тұлғалық сипатын анықтай келе, бұл романда есімшелердің барлық түрі кездесетіндігін байқаймыз. Мәселен, есімшенің өткен шақ түрі болсын, келер шақ түрі формалары да молынан кездеседі. Романды оқи отырып, есімшелердің қолдану тәсілі мен жүйесіне талдау жасалынды. Шығарма талдау барысында есімшелердің жасалу жолдарына қарай есімді сөз табы мен етістікті сөз таптарының синтетикалық жолымен және аналитикалық тәсілімен байланысқа түскенін байқадық.
Мәселен, Сонда губернатордың бір айтқаны, Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған. Ал жалғыз қалған адамды жеп қояды ғой. Мұндағы қалған етістік пен есімді сөз табы орнына жұмсалып тұрған екі сөйлемнің құрылысына қарай анықтауымызға болады.
Романда мынадай мысалдар да кездеседі: Сонда жолбарыстың ролінде өзі қалмақшы. (256 б) Оның табынатын екі құдыреті бар: бірі заң, бірі дін. Жексенбі сайын Кафедральды соборға оны күймемен Тұрар алып барар еді. [14]
Бұл мысалдардан табынатын сөзіндегі –атын жұрнағының жалғанып тұрғанын аңғарамыз. Сол сияқты барар сөзіндегі –ар жұрнағы арқылы сөйлемдегі келер шақтық сипатқа еңгізіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |