Курстық ЖҰмыс есімше тұЛАҒларының грамматикалық Қызметі



бет15/15
Дата07.01.2022
өлшемі78,2 Kb.
#20326
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Сүйеніш Б.П Кял-18 Курстық жұмыс. ЕСІМШЕ категориясының грамматикалық қызметі

Қорытынды

Қорыта келгенде, зерттеу жұмысымызда есімшелердің қолданудың тілдік жүйесіндегі жұмсалуын назар аудара отырып, есімше тұлғаларының грамматикалық қызметін зерттедім. Оның ішіндегі есімшелер арқылы жасалған сөйлемдер мен сөздердің грамматикалық жағын, яғни морфологиялық, сөзжасамдық әрі синтаксистік сипатын айқындадым Есімшелер арқылы сөз бен сөзді не сөйлемді байланыстырушы тәсілдердің түрлену жолдарына назар аудардым. Есімше жұрнақтарының қазақ тіл біліміндегі барлық қызметін саралай отыра, оның синтагмалық әрі парадигмалық қатарын да сөз еттім. Есімше жұрнақтарының синтаксистік жағынан бірнеше түрге бөле қарастырып, оның жартылай түсіндіріп өттім. Ғалымдар пікірлерін талқыладым Көркем әдебиеттегі кездсетін есімше тұлғаларының грамматикалық талдау жасадық әрі олардың сипаты мен сөйлемдегі қызметтерін сөз еттім.

Есімшелердің қазақ тіл білімінде алар орны зор. Оның сөйлемдегі сөз байланыстыру тәсілі орасан. Есімшелердің тілдік бірліктеріндегі морфология деңгейі мен синтаксистік жүйесінлдегі қызметтерінің байланысын аштық, әрі оны практикада дәледедік.

Зерттеу жұмысымыздың екінші тарауында көркем шығармадағы есімшелердің берілу сипатын үш түрлі көркем әдебиет мысалында талдадым Талдауға түскен үш көркем шығарма негізінде есімше тұлғаларының құрмалас сөйлемде берілу жолдарын қандай формада кездесетіні айқын болды. Мәселен, салаласа байланысқа түсуі арқылы екі түрлі формада кездестіре аламыз. Біріншісі есімше формаса қарсылықты салалас сөйлемдердің де баяндауыштық қызметін атқаруы арқылы. Олар жалғаулықты әрі жалғаулықсыз түрде де жасалса, екінші түрі есімше тұлғасы себеп салдар салалас сөйлемдердің баяндауыштық қызметін атқаратыны мәліс болды. Сонымен қатар, жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер мен күрделі құрмалас сөйлем ішіндегі есімшелердің қолданысы анықталды.

Есімше жұрнақтары арқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерден мезгіл,себеп,салыстырмалы, қарсылықты түрлерін жасайтынын жоғарыда талдаған болатынбыз. Осы тұста құрмалас сқйлем мүшелерінің сабақтаса әрі салаласа байланысуы құрмаластардың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғасына байланысты болады. Салаласта сөйлемдерді баяндауыш тұлғада байланысуын бастауыштармен қиыса байланысады.

Жалпы бұл курстық жұмыс қазақ тілінің морфологиялық, синтаксистік құрамына сәйкес етістіктің ішіндегі есімше категориясының әртүрлілігі мен семантикалық сипаты назарға алынды. Зерттеу жұмысымызда осы мәселе төңірегінде біршама еңбектерді атап өттім Таңдалған тақырып аясында ғалымдар пікірі де сипатталды. Сол тұжырымдарды өз ой елегімізден өткізе отырып, курстық жұмысты жазып шықтым.

Есімшелер сөз еткен шақтық, жіктік категориялармен байланысқа түсетін грамматикалық құрылымына есім сөз етістіктердің қызметін атқарып тұратын ортақ категория. Оны дербес сөз табы деп тани алмаймыз. Десек те сын есімге, зат есімге, тіпті ру мен жердің аттарына айналып кететіндерін ұмытпаған жөн. Әрі әлі де зерттеу жұмысын талап етеді. Бұл жұмысты болашақта маман ретінде зерттеу обьектісіне айналдыру ойда бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:





  1. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы.- Алматы,1992. -444б.

  2. https://martebe.kz/esimshe-kyzmeti/

  3. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. -783 б.

  4. Ж. Түймебаев "Қазак тілі". "Қазақстан" баспасы, Алматы. 1996 ж.

  5. Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.

  6. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.

  7. М. Оразов. Етістік. –Алматы, 2001. –385 б.

  8. К. Аханов. "Тіл білімінің негіздері" (Оқулық) "Санат баспасы. Алматы.1993ж

  9. А. Хасенова. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.

  10. Т. Қордабаев, "Қазақ тіл білімінің мәселелері". "Рауан" баспасы. Алматы. 1991 жыл.

  11. https://kitap.kz/audio-book/abai-joly-i-tom-audio

  12. Ш. Мұртаза. Екі томдық шығармалар. II том. "Қызыл жебе' (Роман). '"Жазушы" баспасы. Алматы. 1982 ж.  .

  13. Т. Қордабаев. "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі" "Санат" баспасы, Алматы. 1995 ж.

  14. https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d81/d8110836e032150cea8fd6be6f9076cd.pdf&ln=kz

  15. https://www.google.com/search?ei=YLY3YJ2jBuyvrgTSyZvwCw&q=%




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет