Курстық ЖҰмыс есімше тұЛАҒларының грамматикалық Қызметі


Есімшелердің етістікке жақын белгілері



бет8/15
Дата07.01.2022
өлшемі78,2 Kb.
#20326
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Сүйеніш Б.П Кял-18 Курстық жұмыс. ЕСІМШЕ категориясының грамматикалық қызметі

2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады. Мысалы, кітапты алған, каламды берер (бермес), хатты жазатын, жүкті тасушы, үйді көрмекші т.б. дегенде табыс септіктегі сөздерді сабақты етістік ретінде меңгеріп тұр. Ал балаға қараған, үйге жеткен, үйде отырған, даладан кірген, бізбен келген дегенде салт етістік ретінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді меңгеріп тұр.

ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше -ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды. Мысалы, келген конақ, қайтқан мал дегенде де атрибуттық мағына болып өткен қимыл-қозғалысқа байланысты білдіріп тұр. Дегенмен атрибуттық мағынада тұрған есімшенің бұл түрінің өткен шақты білдіруі баяндауыш қызметіндегі откен шақты білдіруіндей анық та тұрақты емес. Мәселен, енді келген адам бұл үйге кірмейді дегенде келген есімшесінің мағынасы келетін, келер есімше формасының мағынасында қолданылып тұр. -ар (-ер, -р, -с) формалы есімшелер әркез келер шақ мағынасын білдіреді.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі - қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді [4,154].

Аталған үш белгі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционадцы етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Енді есімшенің морфологиялық қолданысын сипатын ашу мақсатында пайдаланылған әдебиеттер тізімі арқылы түрлі еңбектердің мән-мағынасын аша отрып, зерттеу жұмысын жүргіземіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет