Курстық ЖҰмыс есімше тұЛАҒларының грамматикалық Қызметі



бет14/15
Дата07.01.2022
өлшемі78,2 Kb.
#20326
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Сүйеніш Б.П Кял-18 Курстық жұмыс. ЕСІМШЕ категориясының грамматикалық қызметі

Приходько сынды төрені жанында келе жатқан соң тегін болмағаны,- деп ойлайды.

Қолы қол емес, қорғасын сияқты, зорласаң да көтерілеп емес. Мінбеден сақалы беліне түскен епископтың даусы құдайдың өз даусындай құдыретті естіледі. Айнала балауыз шырағдандар жағылған.

Приходьконың көз қиығы ғана арқаңды аяз қарағандай ызғар шаша бастаған.

Төрдегі керілген адам- суреттің көзқарасы да суық.

Осындағы жатқан,көтерілер, керілген,ойлаған,болар,сезіктенетін сияқты сөздердің есімшеден жасалынып тұрғанын айтуға болады. Бірі өткен шақтық есімше болса, бірі келер шақтық есімше жұрнағынан жасалып тұр.



Қартайғанда қас та ағарады екен, жалбыраған бурыл қас жұмулы көзін көлегейлеп тұр.

Жертөленіп ортасына жаққан оттың жалыны мен түтінінен үйдің төбесі әбден жылтырап ысталған.

Егер шыбын орнында адам болса мына бір алмас қылыштай жарқ ете қалған қаһарлы көзден зәресі зәр түбіне кетер еді.

Қос тұлымшағын шудай жіппен түйген, кекілі желпілдеген кішкене қыз айран аяққа қолын соза беріп, дүңке шелектің баулығын сылдыратып алып еді, бағанадан бері бетін қырып беріп, тізесін құшақтап үнсіз отырған әдеміше келіншек әлгі қыздың жалаңаш тол-толып балтырынан шымшып қойды.

Сонда ол Тұрар өзі өле кетсе мына әке күллі әлемнің адамдары жиылып арши алмас қалың қайғыда қалатынын ойлап,уайымдап жатқанын айтпай сезді.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың арасынан құрмалас сөйлемді де жай сөйлемнің ішінен де есімше арқылы байланысқа түскен сөздерді аңғарамыз. Әрқайсысына жеке-дара тоқталатын болсақ:

Жалбыраған – жалбыра- болымды етістік,ған өткен шақтық есімшенің жұрнағы.

Кетер- кет түбір етістік, ер келер шақтық есімшенің жұрнағы

Екен – е- көмекші етістік, -кен – өткен шақтық есімшенің жұрнағы.

Тұрар туған әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп деп жасымайтын жігерін көріп өсті.

Д.Исабековтың «Шойынқұлақ» әңгімесіндегі есімшелердің жасалу тәсіліне назар аударайық.



Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті енді емін-еркін рахаттана тыныс алғандай.

Келген бойда директордың кабинетіне кірдім де, бір сағаттан соң қырға жер жыртуға баратын болып шықтым.

Көп түтінді будақтатып, ошақ басында аспазшы екі әйел ыдыс-аяқты салдырлатып жатыр.

Ал, інішек, – деді ол ауылдан алып шыққан нан-панымды жеп отырғанымда иығыма күректей алақанын салып. – Сонымен, тракторист болғым келіп осында тарттым дейсің. Ниетің жақсы екен, апаңды сағынып, бір күні түнделетіп тайып тұрмайсың ба? Ондайлар бізде болған.



Менің мүшкіл халімді көріп, мазақ еткісі келгендей, тау тасасынан күн де мойнын қылқитып сығалай бастады.

Қашанғы жылай берерсің, бір кезде қойдым ғой. Оның манағы

көрсеткен жағына қарасам, шынында да үлкен құлама жарға елу метрдей-ақ жетпей тоқтаппын.

Үйде ешкім жоқ, жалғыз отыр едім, тамды әлдекім дүсірлетіп, әлденеше рет айнала шапты да, ат терезенің алдына келіп осқырына тұра қалды.

Жоғарыда келтірген мысаладардан есімшенің түрлі формада кездесе беретіндігін байқауымызға болады. Оның себебін жоғарыда сөз еттік. Енді осы келтірілген мысалдағы есімшелерді жеке-дара топтастырайық.

Алғандай- ал етістік,-ған есімше жұрнағы, -дай есімшеге жіктелген жұрнақ. Теңеу

Келген – кел етістік,-ген есімше жұрнағы

Баратын – бар етістік,-атын есімше жұрнағы

Отырғанымда- отыр-етістік, -ған есімше жұрнағы, -ым- жіктік жалғауының 1 жағы,-да есімшенің күрделі формасы

Берерсің- бер етістік, ер- есімше, сің- жіктік жалғауының 2 жағы

Көрсеткен- көр- етістік, -сет- бұйрық райының 2 жағы, -кен- есімше жұрнағы

Екінші бөлімді қысқаша қорытар болсақ, біз бұл бөлімді практикалық сипатта жазуды ұйғардық. Сол үшін де зерттеу жұмысымның әр бөліміне теориялық әрі практикалық сипатта қарастыра отырып, есімшелердің жасалуын мысалдар арқылы сипаттадық. Алынған үш зерттеу обьектінің ішіндегі есімше тұлғалы формалардың бәрі өз рөлін дұрыс атқарып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет