Курстық ЖҰмыс есімше тұЛАҒларының грамматикалық Қызметі


Курстық жұмыстың құрылымы



бет5/15
Дата07.01.2022
өлшемі78,2 Kb.
#20326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Сүйеніш Б.П Кял-18 Курстық жұмыс. ЕСІМШЕ категориясының грамматикалық қызметі

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І Етістіктің семантикалық тұлғалары
Қазіргі қазақ тілінің сөз таптарының құрамы жағы мен грамматикалық құрылымы ең күрделі сөз табы – етістік. Себебі құрамы жағынан сөзге бай сөз табының бірі. Қай тілде болмасын заттардың қимылы мен әрекетін білдіретін сөз табы екені мәлім. Мәселен, кел, ал, сөйле, ойла, тұр, жат, отыр, ұр, сын, құла, өс сияқты сөздердің жанды әрі жансыз заттармен байланысқа түсіп, қимыл-әрекетін білдіреді. Мысал келтірер болсақ, адам сөйлейді, кісі ойлайды, сиыр мөңірейді, тас құлады, бие құлындады деген сияқты сөздерді айтуымызға болады. Етістік қимыл ұғымын білдіретін сөз табы болып танылады, жалпы мағынасы болып табылады.

Жалпы айтатын болсақ, етістік мағынасы арқылы сөз таптарынан ерекшелінеді. Өйткені етістіктің қимыл мағынасы ешбір сөз табының мағынасына ұқсамайды.

Тіл тілде етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға -етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, кұбылысты білдіретін сөздер болып табылады. Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі принципінің белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады да, солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды [2].

Етістіктің құрамы жағынан да, грамматикалық сипаты жағынан да күрделі сөз табы. Неге десеңіз, етістік категориялары, етістік шақтары мен райлары, етістіктің формалары да сан алуан. Олар түрліше түрленеді де, мән-мағынасына қарай түрлі сипатқа енеді.Сол себепті етістік қазақ тіліне ойып тұрып орын алатын сөз табы.

Жоғарыда сөз еткеніміздей, етістіктің семантикалық мәні айқын болғанмен, грамматикасы яғни морфология мен синтаксистік сипаты сан түрлі салаға бөлінісімен ерекшелінеді.

Етістік тұлғаларының жүйесін, оның грамматикалық сипаттарын түсіну үшін етістіктің сөйлемде қолданысына назар аударуымыз шарт. Тақырыбымыздың өзектілігіне сәйкес есімше мен көсемшенің жайы етістіктің басқа категорияларына қарағанда өзгешелеу. Бірақ есімше де, көсемше де етістікпен ғана шектеліп қоймайды. Бұл екеуі де екі жақты, яғни есім сөз бен етістікпен түрлене келе, екі түрге енеді. Грамматикалық сипаты екі түрлі мәнде болады. Яғни бірде кимылды және соған сәйкес модальдылык рай мен шақтық мағынаны керсетіп, бірдей қимылға қатысты сындык белгіні көрсетіп, адъективтеніп афибутивтік қатынаста (немесе сындық мәндегі сөздерге белгілі тәсілдермен субстантивтеніп те) жұмсалады. Есімшенің осындай етістікке тән емес екінші бір мәні мен қызметі, ерекше сипаты етістіктің айырықша бір түрі болып табылатын есімшенің негізгі қасиеті болса да, етістіктің грамматикалық категориялық сипаты шеңберіне сыймайды. Бірақ есімше етістіктің грамматикалық категориялары сипатына бүтіндей бейтарап та емес. Өзі (есімше) етістіктің жеке бір грамматикалыкқ категориясы бола алмағанмен, етістікке тән бірінші грамматикалық сипаты мен қосымшасы аркылы түбірге (қимылға), үстелетін модальдық, шақтық мәні арқасыңда ететін категориясының бір түрін жасауға негіз болып, соның бір грамматикалық тұлғалык көрсеткіші болып табылатынын ескерген жөн.

Курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес етістік пен есім сөзден бөлініп шыққан бір тарауды есімше деп қарастырып отырмыз. Бұл тарауда есімше категориясы туралы жалпылама грамматикалық оның ішінде морфологиялық сипатын ашатын боламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет