Курстық ЖҰмыс есімше тұЛАҒларының грамматикалық Қызметі


Есімшенің морфологиялық қолданысы



бет9/15
Дата07.01.2022
өлшемі78,2 Kb.
#20326
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Сүйеніш Б.П Кял-18 Курстық жұмыс. ЕСІМШЕ категориясының грамматикалық қызметі

1.2 Есімшенің морфологиялық қолданысы

И.Е.Мамановтың «Қазақ тілі (етістік)» деп аталатын еңбегінде қазіргі қазақ тілінің морфологиялық қолданысы бойынша есімшелер мағынасына және тұлғасына қарай мынадай болып бөлінеді:

1. Өткен-шақ есімше.

2. Дағдылы есімше.

3. Болжалды есімше.

4. Ниет есімше.

5. Осы шақ есімше.

Енді осы бөліністерге жеке-дара тоқталып өтейік. Өткен шақ есімше етістік негіздеріне –ған, -ген,-қан, -кен жұрнағы жалғану арқылы жасалады: алған, келген, шыққан, кеткен т. с. с.

Өткен шақ есімше жалғаусыз күйінде зат есімнің алдынан келіп, сол заттың қимылдық белгісін, қатысын білдіреді. Қөрген кино. Оқыған кітап. Келген кісі. Айтқан сөз. Төккен су. Жылтыраған, шамдар, көтерілген тозаң көрінеді (F. Мүсірепов). Мейрам үй иесінің көрсеткен қағаздарымен танысып иіықты (F. Мустафин). Гуріл де ген ақ төбет, шәуілдеген сүр қаншық арқандағыны тастап кет, – дегендей тап-тап береді (F. Мұстафин). Бұл сөйлемдерде өткен шақ есімше формасындағы етістіктер өзінің мағынасы және синтаксистік қызметі жағынан сын есімге ұқсайды. Анықталушы зат есімдердің қимылға қатысты белгісін білдіреді. Өткен шақ есімшенің зат есімнің алдынан келіп, анықтауыш кызметінде жұмсалуы нәтижесінде көптеген есімше тұлғалы сөздер сын есім болып қалыптасқандығы байқалады. Мысалы, қиылған қас, құлшынған жас, едірейген мұрт, өңкиген кеуде, сорайған бой, быттиған бет, шүңірейген көз т. б.

Сын есім мағынасында қалыптасқан есімшелер, негізінде, салт етістіктен болады. Сонымен қатар олар кез келген зат есіммен тіркесіп айтыла бермейді. Олардын тіркесетін сөздері белгілі болады да, саны екі-үш сөзден аспайды. Мысалы, қиылған – есімше қас сөзімен ғана тіркеседі. Құлшынған, жігіт және жас сөздерімен тіркеседі. Сол сияқты шүңірейген, өңкиген сын есімдері көз, кеуде сөздерімен ғана тіркеседі. Сөйтіп, басқа сын есімдерге қарағанда, есімшеден сын есімге айналған сөздердің анықталушы сездермен тіркесі тұрақты болып келеді. Есімшенің сын есімге айналған түріне етістіктің болымсыздық белгісі –ма, -ме, -ба,-бе, -па,-пе қосымшасы жалғанбайды. Мысалы, шүңіреймеген көз, құлшынбаған жас, өңқимеген кеуде деп айтылмайды. Ондаған, жүздеген, мыңдаған деген сан есімдерге -ған жұрнағы жалғанып, жаңа сөз пайда болған. Жауыққан жауым надандық Өнерсіздік - өштесім (I. Жансүгіров). Алаған қолым- береген (Мақал).



Цех жақтан шаңқылдаған балға даусы естілді (Ғ. Мүстафин).

Өткен шақ есімше есім сөздер сияқты жіктеледі. Яғни есімшенің I—II жақтарына жіктік жалғауы жалғанып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.



Алмас пышақ бізде бар,

Піскен қауын сізде бар

Тілдіргелі келгенмін (Қамбар батыр).

Сізді іздеп келгенбіз ,

Қалмақтан қысым көргенбіз (Қамбар батыр)

Өткен шақ есімшеге көптік жалғауы жалғанып, заттық ұғымды білдіреді (сөйлемде бастауыш және баяндауыш қызметінде жұмсалады). Тойдан қайтқандар Ералының отауына түстеніп аттанысты.

Өткен шақ есімше тәуелді түрінде бар, жоқ сөздерімен тіркесіп, өткен шақ формасының болымды және болымсыз түрінің синонимі ретінде қолданылады. Мен осы тымақты жігітті бұрын да бір-екі рет көргенім бар, бірақ қайда көргенім есімде жоқ (С.Ерубаев). Мырқалдың мұнда екенін білгенім жоқ (Ә. Әбішев) (198 б )Септік жалғаулар есімшенің жекеше, көпше және болымсыз түрлеріне біркелкі жалғанады. Орыс тіліндегідей сөздің жекеше түріне бір түрлі, көпше түріне екінші түрлі болып жалғанбайды. Сондықтан қазақ тілінде сөздердің септелуін жекеше және көпше деп бөлудің аса қажеті де жоқ сияқты.

Дағдылы есімше. Дағдылы есімше етістік негіздеріне -атын-етін, -йтын/-йтін жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Тұратын, ішетін, ойнайтын, сөйлейтін т. б. Ескі түркі тілдерінде келер шақ көсемше формасындағы етістік «тұрған» көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі етістік түрінде айтылатын болған. Мысалы, бара тұрған, келе түрған, ойлай түрған т. с. с. Кейбір түркі тілдерінде (татар тілінде) осы күрделі етістік түрі қазірде қолданылады. Қазақ тілінде күрделі етістіктің осы тұлғасы ыкшамдалып, баратұғын, келетұғын, ойнайтұғын, сөйлейтұғын түрінде бірігіп айтылатын болған. Бұл форма халық ауыз әдебиетінде, Ы. Алтынсариннің, Абайдың шығармаларында көп кездеседі. ...Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыныда рас (Абай). Орынсыз болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен., көрсе қызар жеңілдіктен, нәпсі сайтанның азғыруынан құтқ аратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? (Абай.)

Ал қазіргі қазақ тілінде тұғын формасы тағы да ықшымдала түсіп, -тың, -тін түріне айналған. Сөйтіп, бұл форманың қалыптасу процесі мына түрде өткендігі байқалады:тұрған < тұғын < -тың, -тін.

Қазіргі әдебиетте, ауызекі сөйлеу тілінде -тұғын және –тың, -тін формаларының екеуі де колданылады, бірақ соңғы вариант көбірек кездеседі. Ал –тың, -тін өз алдына жеке морфологиялық қызмет атқармайды, ол келер шақ көсемшенің –a, -е, -й жұрнағымен бірігіп, дағдылы есімшенің грамматикалық көрсеткіші болып саналатын құранды аффикске айналған ( -атын, -етін,-йтың, -йтін).

Дағдылы есімше зат есімнің алдынан келіп анықтауыш қызметін атқарады да, анықталатын сөзінің әр түрлі қатысын білдіреді. Мұнда анықталатын зат есім мен анықтаушы қызметіндегі дағдылы есімшенің ара қатынасына, мағыналық ерекшеліктеріне байланысты, анықталушы зат есімдер актив және пассив түрде, яғни қимыл субъектісі немесе қимыл объектісі мағынасын білдіреді. Мұндай мағыналық айырма логикалық жағынан ғана аңғарылады. Мысалы, сүзетін сиыр, немесе сауатын сиыр.

Дағдылы есімшенің жіктелуі. Жекеше түрде: Мен жазатынмын Сен жазатынсың. Сіз жазатынсыз.Ол жазатын

Көпше түрі: Біз жазатынбыз. Сендер жазатынсыңдар. Сіздер жазатынсыздар. Олар жазатын. Болымсыз түрі -маі-ме, -баі-бе, -па,-пе қосымшасы арқылы жасалады. Дағдылы есімше тәуелденеді және көптік жалғауын қабылдайды. Септік жалғаулары осы тәуелді және көпше түріне жалғанады.

Дағдылы есімше көпше, тәуелді және септік тұлғаларында сөйлемнің әр түрлі мүшесі қызметін атқарады және оның заттық, немесе қимылдық ұғым білдіретіндігі контекстен аңғарылады. Сенің мойныңа тағатыныңды Дәмет алып кетті (Ә. Әбішев).

Болжалды есімше. Болжалды есімше етістік негіздеріне –ар,-ер, -р жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Айтар, келер, оқыр, кетіп қалар, келгісі келер т.б. Болжалды есімше – сөйлеушінің алдағы бір істің болу-болмауын болжай айтатындығын көрсететін етістіктің формасы. Есімшенің бұл түрінің зат есімнің алдынан анықтауыш қызметінде қолданылу шеңбері тар. Болжалды есімше анықталушы зат есіммен көбінесе тұрақты тіркесте жұмсалады: Мінер ат, киер киім, барар жер, басар тау, айтар сөз, кірер есік т. с. с. Бұлардың тұрақтылығы, біріншіден, болжалды есімше тұлғасындағы әрбір етістік белгілі сөздермен ғана тіркеседі. Екіншіден, бұл тіркестің арасына басқа сөз қиыстыруға болмайды. Мысалы, қарар бет, барар жер, басар тау, жатар орын т. б.

Болжалды есімшенің I, II жақтарына жіктік жалғауы жалғану арқылы жіктеліп, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Үяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың (Мақал).

Болжалды есімшенің болымды түрі тек жатыс, шығыс септік тұлғаларында кең айтылады, бірнеше сөз барыс септігінде де кездеседі. Ал басқа септіктерде қолданылмайды. Жатыс және шығыс септігіндегі болжалды есімше сөйлемде мезгілді білдіретін үйірлі пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Жомарт дәл жиналыс басталарда келді (Ғ. Мүстафин).

Болжалды есімшенің тәуелді түрі табыс және жатыс септігінде ғана айтылады. Қонарымды сай білер, ұшарымды жел білер.

Болжалды есімшенің болымсыз түрі толық септеледі және сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Көрмес түйені де көрмес.

Бір етістік болжалды есімшенің болымды және болымсыз түрінде қайталанып айтылуынан қос сөз тұлғасы жасалады. Болар-болмас, тиер-тимес, жетер-жетпес т. б. сияқты қайталама қос сөздер шығыс септік формасында үстеуге айналады. Мысалы, Кірер-кірместен.

Болжалды есімшенің болымды және болымсыз түріне-лық, -лік, -тың, -тің және –дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары жалғанып туынды түбір сөз жасалады. Айтарлық сөз, қуанарлық іс, жерлік еті бар, білместік, көрместік, өлердей, жылардай, көрместей, қайтып келместей т. с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет