ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
Қашықтықтан оқыту орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілеттігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Тақырыбы: Құқық бұзушылықтар: қылмыстар мен теріс қылықтар
Орындаған: Абылқасымова Г.А., Ю-20-1в/кАс тобы
Тексерген: магистр, оқытушы Нурмухамедова Г.С.
Нұр-Сұлтан – 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны.
Құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілері............................................7
Құқық бұзушылықтың түрлері...................................................................12
2 Құқық бұзушылықтың құрылымы
2.1 Құқық бұзушылықтың объектісі мен объективтік жағы.........................21
2.2 Құқық бұзушылықтың субъектісі мен субъективтік жағы.....................23
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................27
КІРІСПЕ
Қазіргі заманауи өмірде біз адамдардың әрқилы мінез-құлқымен ұшырасамыз, ол белгілі бір қылықтар мен іс-әрекеттерді жасауда, сондай-ақ әрекетсіздікте байқалады да, әртүрлі нормалармен және қағидалармен реттеледі. Бұл адамгершілік нормалары, құқықтық, әдеп, діни, техникалық және тағы да басқа нормалар болуы әбден мүмкін. Бұндай мінез-құлықты нормативті, яғни әлеуметтік нормаларға негізделген деп атауға болады.
Құқық бұзушылық проблемасын адамзаттың даму тарихынан бастау алған кезеңнен бастап осы уақытқа дейін қоғам үшін өз маңызын әлі күнге жоғалтпаған құбылыстардың бірі деп қарастырған жөн. Аталған проблема қандай да бір қалыптасуы мен қоғамдық құрылымының өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Құқық бұзушылық ықылым заманнан бері болған. Сол себепті де француз социологы Эмиль Дюркгейм былай деген: «....қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады», ал біздің бұл тұжырыммен келіспеске шарамыз жоқ.
Қоғамдағы құқық бұзушылықты зерделеу кезінде мемлекет пен құқық теориясының басты міндеті осы құбылыстың әлеуметтік мән-мазмұнын ашуда болады. Алайда, олардың әлеуметтік мәнін талдау үшін ең алдымен құқық бұзушылықтың не екенін біліп алған жөн. Олай дейтініміз, құқық бұзушылықтың барлық түріне (қылмыстық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және өзге де теріс қылықтар) тән және оларды басқа да қоғамдық құбылыстардан айырып тұратын жалпы белгілерін сипаттау қажет болады.
Сонымен бірге, барлық қылмыстарға, азаматтық-құқықтық бұзушылықтарға, әкімшілік теріс қылықтарға және тағы да басқаларына белгілі бір ортақ сипаттар тән. Оларды, ең алдымен олардың ішкі, әлеуметтік мәнінің бірлігі байланыстырып тұрады, ол туралы біз біршама кейін нақты тоқталып өтетін боламыз. Дегенмен де, бұдан басқа олардың барлығы оларды тұтастай алғанда айрықша қоғамдық құбылыс – құқық бұзушылық ретінде сипаттайтын белгілі бір жалпы сыртқы (сипаттамалы) белгілерге ие.
Құқықбұзушылықтар, ең біріншіден табиғат күшімен, заттар немесе жануарлармен емес, адамдармен жасалады. Құқық бұзушылықтар тек қана қоғамдық қатынасты, яғни адамдардың (жекелеген индивидтердің немесе олардың ұйымдарының) қарым-қатынасын реттейтін құқықпен тікелей байланысты болып келеді.
Құқық бұзушылықтар жекелеген инвидиттермен – Қазақстан азаматтарымен (азаматтар немесе лауазымды адамдар ретінде), азаматтығы жоқ адамдармен, шетелдіктермен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ ұйымдар да құқық бұзушылықтың субъектісі бола алады.
Алайда, әрбір индивид құқық бұзушылықтың субъектісі болуы мүмкін емес. Заманауи құқық белгілі бір жасқа келген және ақыл-есі дұрыс адамдардың ғана құқықтық міндеттерді өз бетінше орындай алу мүмкіндігін мойындайды. Құқық бұзушылық ең алдымен құқықтық міндеттердің орындалмауымен байланысты. Сондықтан да заңда көрсетілген жасқа толмаған балалардың теріс қылықтары, сондай-ақ ақыл-есі дұрыс емес адамдардың іс-әрекеті заңсыз болуы мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясы өз жұмысын жекелеген құқық бұзушылықтар жөніндегі салалық тәртіптері қорытындысының жинақтап мазмұндалуына әкелуі мүмкін емес. Ол ең алдымен құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін ашуы керек. Бірақ та бұл істің бір жағы ғана. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін зерттеу осы құбылыспен байланысты құқықтық мәселелердің неғұрлым терең және дұрыс шешілуіне қызмет етуі керек. Сол себепті де мемлекет пен құқық теориясы ғылымының міндетіне құқық бұзушылықтың қоғамдық зиянының құқықтық түрлерін ашу, олардың объективті және субъективті жақтарының қажетті элементтерін анықтау, қылмыстар мен теріс қылықтардың негізгі өзіндік ерекшелігін талдау, өзара байланысты құқық бұзушылықтарды шектеу кіреді.
Құқық бұзушылықтың түсінігін ашу – қаралатын қоғамдық құбылыстың проблемаларын жоятын терең ғылыми жұмыс үшін маңызды алғышарт. Негізгі маңыздысы құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің қарқындылығын жүйелі және жоспарлы түрде зерделеуден, олардың жасалуына ықпал ететін нақты шарттарын егжей-тегжейлі зерттеуден тұрады. Екінші алғышарт ғалымдардың үлкен ұжымының ұзақ жұмысын талап етеді. Сол себепті де осы жұмыста құқық бұзушылықты жеңу проблемасы тек қана олардың әлеуметтік табиғатының жалпы ұстанымын қарастырады. Алдымен біз құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық жақтарын өзара салыстыра отырып, оның түсінігін қалыптастырамыз, содан кейін қылмыс пен теріс қылыққа жан-жақты тоқтала отырып, құқық бұзушылықтың түрлерін қарастырамыз және өз кезегінде олардың ішкі бөлінісін құрамыз, ең соңында өз кезегінде әрқайсысы құқық бұзушылық мотивациясының теориясын құрған немесе дамытқан әр түрлі бағыттағы ғалымдардың айтуынша, осы қоғамдық құбылыстың негізгі себептерін сипаттауға тырысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |