Курстық жұмыс Пәні: Педагогика Тақырыбы



бет1/7
Дата11.12.2023
өлшемі49,14 Kb.
#137792
  1   2   3   4   5   6   7

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»


Курстық жұмыс


Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Дайындаған: Қашағанова Рита
Тобы: БС-17
Жетекшісі: Жолаева Ғ

Бейнеу – 2020



Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
І ТАРАУ. Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі

    1. Дидактика туралы түсінік..........................................................................5-8

    2. Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны...........9-13

ІІ ТАРАУ. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
2.1. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі..........................................14-18
2.2. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы.................................................................................................................19-22
Қорытынды.........................................................................................................23-24
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................25

Кіріспе
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр didaktikos - тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Ж. Баласағұн, А. Игүнеки, С. Бақырғани т.б. дидактикалық дастандарда бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары пен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойылған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қызғыздарды орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық» т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы – ізглілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет