Образдық, граффикалық көрнекілік. Қазақ əдебиеті пəнінен Сүйінбай
Аранұлын 7 «А» жəне 7 «Б» сыныптарында өткен болатынмн. Жаңа
тақырыпты түсіндіруді осы заттық, образдық, граффикалық көрнекіліктер
түрімен бастадым. Сүйінбайдай көркемсөз өнерінің шебері, айтыскер
өмір жолын айтып өтіп, шығармашылығын оқыту үстінде қолдандым.
Бейнелі суреттерін, портретін, шығармашылығын баяндай отырып
тақтаға іліп, оқушыларға сұрақтар қоя отырып баянадым. Тақтаға əр
түрлі сандық тізбектер іле отырып, əр жылдарда Сүйінбай Аронұлының
өмір жолының сандық тізбектері екенін түсіндіріп, сол сандар бойынша
тапсырмалар орындаттым. Тақтадағы сандық тізбекке қарап, сол
жылдарда Сүйінбай өмірінен қандай оқиғалар болғанын айтқызып,
естерінде қалдыруға тырыстым.
3.
Кестелер көрнекілігі. Бұл көрнекілікті маған берілген үш сыныпта да
қолдана алдым. Нəтижесі де мол болды. Кестелерді 6 «Ə» сыныбына
қазақ тілі пəнінен қолданғанда, нұсқаушы рөлін атқарды. Кестелерді түрлі
түстермен сызып, тақтаға жабыстырған болатынмын. Абай
Құнанбайұлының қара сөздерінің айтпақ ойынан бір сөз жазып,
оқушылар сол сөзге қарап, келесі кестемен салыстыра отырып, сөйлеп,
жаттығулар орындап, əріптерді, сөздерді, сөз тіркестерін жəне
сөйлемдерді бір бірімен құрап, жаттығуды орындады. Бұл көрнекілік түрі
алиыншы сынып оқушылары үшін өте қызық болды, ойын ретінде
қабылданған сабақ іспеттес болды. Ал 7 «А» мен 7 «Б» сыныптарында,
ережеге байланысты кестелер қолдандым. Жетінші сынып оқушылары
12-13 жас аралығындағы оқушылар болғандықтан, олар өздерін үлкендер
жағынан санайды түседы, білуі тиіс ақпараттар да екі-үш есе қиындау,
күрделенген бола түседі. Жастарына байланысты, ақпараттарды
ешқандай ашық түсті бояуларсыз-ақ қабылдаулары жеңілдене түседі деп
санаймын. Сабақта кестелерге ережелерді жазып, сол ережені əр сабақта
қайталап, жалғауларына дейін күнделікті жатқа айтқызып отырдық десек
те болады. Септік, көптік, тəуелдік, жіктік жалғаулар ережесімен олардың
жалғаулықтарын оқушылар жатқа айтуына септігін тигізген де, осы
анықтамалық кестелер болды. Оң нəтиже бере алды, себебі кестелерде
көп мөлшердегі ақпараттардың ең қажетті дегендері ғана жазылады,
түсінікті, қыс-нұсқа беріледі.
4.