Курстық жұмыс Тақырыбы: А. Байтұрсынов оқыту әдістемесінің негізін қалаушы (Педагогика пәні бойынша) 0105000«Бастауыш білім беру»



бет5/12
Дата12.06.2023
өлшемі168,92 Kb.
#100680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.4.Аудармалары мен шығармалары
Ахмет атамыздың әдебиет майданында есімін асқақтатар болсақ, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан аударма жасау дәстүріне мойын ұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді төл дүниесіндей етіп жіберді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе патша отаршылардың зорлық-зомбылығы, байлардың, жуандардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды А.Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық дәл айтылатын ойлары да кездеседі. Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алады. Аудармашы негізгі түп нұсқа мәтініне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады. Ақын аудармаларында сюжет сақталғанмен еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын таңытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі қысқа болғанымен аудармашының аудармасы ұзақ болып келеді. Мысалы, «Өгіз бен бақа» орысшада-17, қазақшада-36 жол, «Қасқыр мен тырна» орысшада-19, қазақшада-76 жол, «Қасқыр мен қозы» орысшада — 37, қазақшада-68 жол. Бұдан біз Ахмет атамыздың жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көреміз. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа шығады. Мұнда Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы басты сарын.«Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған боз бала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар» сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат», «Жауға түскен жөн сөзі» — қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. Қарқаралы тұтқынынан Семейге айдалған А.Байтұрсынұлы «Қарқаралы қаласына» деген өлеңін жазады: Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. Бүркеніп арсыздардың шайнауына, Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын доңыздардың Қасыңа қиын болар жуу маған.Екі жинақ–«Қырық мысал», «Маса» қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен өрнектеп байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты заман талабына сай жігерлі поэзия туды.А.Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тілі білімнің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Қазан төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілінен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Мұны пролетариат та бағалайды», — деп жазды Сәбит Мұқанов. Хаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді».Ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет