Курстық жұмыс Тақырыбы: А. Байтұрсынов оқыту әдістемесінің негізін қалаушы (Педагогика пәні бойынша) 0105000«Бастауыш білім беру»



бет8/12
Дата12.06.2023
өлшемі168,92 Kb.
#100680
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Жазылым бойынша:
«Шыққанын шырпыдан жасау» (ермек-еңбек). Карта үлестіріледі, сонда жазылған сөзді балалар шырпы арқылы жазып шығады.
Алғанын жазу (ермек-еңбек). Сөз жазылған картаны екі баладан немесе үш баладан алады. Сөздің әріптерін санайды. Әрпі көп шыққан жақ ол сөздерді жазады.
Қисындау (ермек-еңбек). Алты сөзді бөлек-бөлек кесіп, екеу-екеуден қосып сөйлем құрайды, сөйлемдерін жазып отырады.
Ақыл хат жасау. Оқулықта суреттер берілген, сол бойынша оқушылар хат жазады.
Ермек-еңбек. Таблицада тоғыз сөз берілген. Тоғыз сөзден сөйлемдер құрап жазады.
Сын атына зат аты. Берілген сын есім­­дердің қасына зат есімді сәйкес­тен­діріп жазады.
Топ хабары. Топтық жұмыс. Бір бала жасауыл болып ойынды басқарады. То­ғыз сөз жазылған картаны үлестіреді, соның ішінде не жазылғанын алған бала табуы керек, таппаса сөзді жазады, тапса жазбайды.
Қайсысын қайда қою. Бұл мәтінмен жұмыс істеу тәсіліне арналған тапсырма түрі. Мәселен, бір мәтінді береді, оны балалар оқиды, оқыған соң мұғалім ба­лаларға карта таратады. Әр картада сөйлем жазылады. Сол сөйлемдерді мәтіндегі орнымен дұрыс қою керек. Дұрыс қойса бала жазбайды, дұрыс қоя алмаса төрт сөйлемді жазады. Бұл тапсырма аясында өлең мәтіндері де берілген. Өлең жолдарын ұйқасына қарай қос-қостап қойып, дұрыс құрап шығу керек.
Суретпен жұмыс. Жеке-жеке сурет­тер беріледі. Мысалы қазы, қасық, тары­ның суреті беріледі, бала соған қа­рап сөйлем құрауы керек. Сонымен қатар суреттер мен оның аттары бөлек-бөлек балаларға таратылады, соны сәйкес­тендірулері керек.
Айтылым бойынша:
Сөйлемдер жасату. Сөздерден ­ауызша сөйлем құрау.
Сөйлеммен лепес жасату. Берілген сөйлемдерден ауызша мәтін құрау.
Жаңылтпаш жасату. Берілген сөй­лемдерді үш қайтара шапшаң-шапшаң айту.
Оқылым бойынша:
Қате оқыған жақ қайта оқиды. Алты сөйлемді мәтін беріледі. Алты ба­ла­дан топтасып сол мәтіндегі 6 сөй­лем­ді кітаптағы мәтінге қарамай қолда­рын­дағы карта бойынша ретімен оқу керек. Қателессе дұрыс оқығанға дейін оқиды.
Ойнаңдар! Ойлаңдар! Балалардың логикалық ойлау дағдысын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мысалы:
Тайға мінген балалар жарысып келеді екен.
Бір бала екі баланың алдында келе жатыр.
Бір бала екі баланың ортасында келе жатыр.
Бір бала екі баланың артында келе жатыр.
Неше бала жарысып келеді екен? Санаңдаршы!
А.Байтұрсынұлының 1912-1925 жылдар аралығында қолданылған «Әліппесі» дыбыстық әдіспен оқытуға негізделсе, 1926 жылы шыққан бұл «Әліппесінде» оқыту әдістерін әртүрлі қызықты тапсырмалар арқылы барынша толықтыр­ды, яғни оқыту тәсілдерін «Әліппе­нің» ішіндегі тапсырмалар арқылы бірге беру мәселесін 1925 жылдан бастап қолға алды.
«Бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын. Мектептің міндеті – берген баланы ата-анасының үміті мен мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам қы­лып шығару. Мәселенің қисыны – осы жерінде», де­ген А.Байтұрсынұлының барлық әдіс­темелік ұстанымдары оқушының оқу және функционалдық сауаттылығын арт­тыруға бағытталды. [10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет