Курстық жұмыс Тақырыбы: А. Байтұрсынов оқыту әдістемесінің негізін қалаушы (Педагогика пәні бойынша) 0105000«Бастауыш білім беру»


II.Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесі



бет6/12
Дата12.06.2023
өлшемі168,92 Kb.
#100680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
II.Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесі
2.1.Қазақ тіліне қосқан үлесі
Оқыту әдістемесін құрудағы басты мақсат ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру, сауатсыздықты жою, барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын әзірлеу болды. Байтұрсынов тек оқытушылық міндеттерімен шектелмеді. Ол ауылдарды аралап, адамдарды ағартушылықтың пайдасына үгіттеді және олармен армандаған нәрселерімен бөлісті. Байтұрсынов патша үкіметінің аяусыз отарлау саясатының қайда бара жатқанын түсініп, халық алдында сөйлеген сөздерінде оны батыл әшкереледі.Байтұрсынов осы міндеттерді орындап, қазақ тілін үйренуге арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасады. Байтұрсынұлы Қазақ жазуын реформалады, қазақ тілінің негіздерін әзірледі және қазақ грамматикасына ғылыми терминологияны енгізді. Сонымен қатар, иллюстрацияланған праймер, балаларға арналған қазақ тілін үйренуге арналған бірнеше құрал, "Баяншы" әдістемелік құралын жасап, 1926 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихы бойынша "Әдебиеттану" атты алғашқы ғылыми еңбегін жазды. Сондай-ақ қазақ халқының ауызша халық шығармашылығын жинады, жазды және басып шығарды. Байтұрсынов ұсынған "Жаңа Емле" жаңа әліпбиін әлі күнге дейін Иран, Ауғанстан, Қытайда тұратын қазақтар қолданады. Түркітілдеріне дауысты дыбыстарды белгілемегендіктен араб жазуы ыңғайсыз болды. 1912 жылы ғалым қазақ тілінен пайдаланылмаған араб әріптерін алып, оларды туған әріптерімен алмастырды. Ол әр сөздің алдына қазақ тілінің айтылуын ескере отырып, дауысты дыбыстарды дұрыс жеткізу үшін белгілер қоюды ұсынды. Белгілі лингвист Е. Д. Поливанов мұндай шешімді тапқыр деп атады. Алайда, КСРО-да, кеңестік шығыстанушы В. М. Алпатов атап өткендей, таңдау тек кириллица мен латын арасында жасалуы мүмкін. Ол кезде психологиялық аспект емес, саяси және идеологиялық факторлар басты рөл атқарды, деп атап өтті А. Ш. Биккулова "Е. Д. Поливанов-Кеңестік тіл саясатының алғашқы теоретиктерінің бірі". 1926 жылы Бакуде өткен Латын графикасына көшу мәселесіне арналған Бүкілодақтық түркология съезінде Байтұрсынұлы орыс тілін хаотикалық және анархиялық, ал қазақ тілін ең кемел деп атады, өз ойын айтылу және емле тұрғысынан негіздеді. Бұл туралы QAZAQ Uni порталы жазады. Байтұрсыновтың ұстанымы көп ұзамай оны халық жауы деп атаған себептердің бірі болды.
Мұғалімніңжұмысымен және ғылыммен, белсенді қоғамдық қызметпен қатар А. Байтұрсынов көркем сөз саласында жемісті жұмыс істеді, 20 ғасыр жағдайында қазақ әдебиетінің реалистік, гуманистік, ағартушылық дәстүрлерін дамытуға қатысты. 19-20 ғасырлар тоғысында қазақ әдебиетінің басты мәселелерінің бірі ұлттық мәселе, қазақ қоғамының жай-күйі, оның даму жолдары болды.
А.Байтұрсынов әдеби процеске "қырық ой" (қырық ертегі), "Маса" (Комар) өлеңдер мен аудармалар жинақтарымен, фольклор үлгілерін басып шығарумен, ғылыми-теориялық мақалаларда, еңбектерде, оқулықтарда қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясының проблемаларын әзірлеумен белсенді қатысты.Сондай-ақ, ол ағартушылық бағыттағы өлеңдер жазды: "қазақ дәстүрі"; "қазақ табиғаты"; "досына хат"; "бақыт" және басқалар.
Байтұрсыновтың үміті ақталмады. 1929 жылы ол қастандық ұйымдастыруға тырысты деп айыпталып, Архангельск облысына жер аударылды. Ол қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғады, бұл большевиктік идеологияға қайшы келді. Ол халықтың жауы деп жарияланды және физикалық түрде жойылды, бірақ оның мұрасы өмір сүреді. 2004 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасының қорында сақталған А.Байтұрсыновтың шығармалар жинағының үш томы жарық көрді.
Шығармалары
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамныда білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптарды қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады. Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек»-деп жазды. Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай оқу орындары қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен де қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз, ал орыс мектептерінде оқығандардың мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін жетілдіру үшін жаз айларында 1-2 айлық қысқа мерзімді курс ашуды ұсынады. Сонымен қатар ол бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытытлу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, ұлт, дін, ұлт тарихы, есеп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс болу керек екендігін нақтылап көрсетті. Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиыншылықтарды қынжыла баяндайды. Ол қазақ мектептеріне ең зәру ісі – оқулық жазумен айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеумен айналысты. «Тіл құралын» жазбас бұрын ең алдымен жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезінген Байтұрсынов 1912 жылдан бастап, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, жуан, жіңішке, т.б.) туралы ой-пікір қозғады. Оның араб жазуын қаза тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртышылығы, әсіресе мұғалімдер жылы лебізбен қабылдады. Себебі, бұл реформа қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми түрде жасалған еді. Сондай-ақ Байтұрсынов ұсынған емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастады. А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттерімен берілген Әлеппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің»1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар арасында былай бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар… Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» қазақ жұртына орасан зор пайда келтірген еді… Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан артық. Мұның мазмұны қазақ жағдайына сай болып шыққан. Әңгімелері бала үшін қызықты, жеңіл, заманға лайық.» 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазған соң, көп ұзамай енді мектепті қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығарылды. «Тіл құралы» — қазақ мәдениетінде бұрын соңды болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртышылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап көрсетті. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан «зат есім, бастауыш, шылау, баяндауыш, етістік, сан есім, одағай, есімдік» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі. Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет майданындағы есімі әр жас ұрпақ жүрегінде Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы, тарихтағы орны ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері аса жоғары бағаланған. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау болашақ алыс өрістерді көруге келгенде алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай Ахмет Байтұрсынұлының әуелі тарихтағы орнына тоқталып өткен жөн. Ақан ашқан қазақ мектебі, Ақан түрлеген ана тілі, Ақан салған әдебиеттегі елшілдік ұраны 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды деп ұлы данышпанымыз Абай есімін бар әлемге таныстырған Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқан болатын. Ахмет атамыздың тарихтағы орнын, әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол «Еңбекші қазақ» газетіндегі өз мақаласында былай деген екен: «А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, арларын сатып, ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды. Қалай болса да, жазушысы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу хәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет