2.1. Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін ұйымдастыру және анықтау тәжірибелері Зерттеу базасы ретінде Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы "Тарбағатай ЖББОМ" КММ – нің 3 «а» және 3 «ә» сыныптары алынды. Екі сынып оқушыларының ауызша есептеу қабілеттерін анықтау барысында әр түрлі ойындар қолдандым. Мысалы: «Бинго» ойыны, «Кім жылдам» ойыны, тағы басқада түрлерін қолдана білдім. Кейбір сабақтарымды «Ертегі» сабағы арқылы да өткіздім.
3 «ә» сыныбымен «Ауызша көбейту және бөлу 16×5 жəне 80:5» және «Ауызша көбейту жəне бөлу 32×5 жəне 160:5» тақырыбындағы сабақтар дәстүрлі білім беру жүйесі арқылы өткізілді. Сабақ жоспары дайындалды.