Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ауызша есептеу және оны ұйымдастыру.» Орындаған


Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін дамыту



бет14/21
Дата06.01.2022
өлшемі206,71 Kb.
#13181
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Тұрсағұлова Индира

1.5. Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

Баланың білім алу арқылы тұлға ретінде дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып жүзеге асырылуда. Бұл орайдағы мектептің мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдайлар жасау.

Оқушылар тұлғасының дамуына ықпал жасауда дәстүрлі мектеп баласында іске асыруда әрбір мұғалімнің рөлі танымдық, іс- әрекеттерді ұйымдастырушы, негізгі талабы -оқушының ойын дамыту, қызметі кеңес беру, бағыттап отыру, оқыту әдісі -ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы іскерлікке, өзара сыйластыққа бағытталғаны тиімді.[1]

Оқушы тұлғасын дамыта отырып, сабақтардың тиімділігін арттыруда төмендегі жәйттерді басшылыққа аламын:

  • Жаңа материалды оқып- үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың қызығушылығын тудыру;

  • Жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетінұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп әзірлеу;

  • Оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделірек дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастыру;

  • Білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзібілімді қарқынды ой еңбегі қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастыру;

  • Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс тәсілдерді кеңінен қолдану;

  • Оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру.

Сондай – ақ математиканы оқып білудегі маңызды мәселелердің бірі оқушыларды есептерді уақыт үнемдеп ауызша есептеуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Амалдарды ауызша есептеу сандарды жазбай-ақ, нәтижені бірден жазумен орындалады. Математиканың негізгі мазмұнын арифметикалық материал құрайтыны белгілі. Себебі, натурал сандар мен оларға амалдар қолдану шамалары туралы ұғым арифметикаға жатады. Арифметиканы жақсы біліп, одан тиянақты білім алмай, математиканың басқа саласын жете түсініп, меңгеру мүмкін емес. Өйткені, математикалық есептеулердің барлығы, тіпті ең күрделісінің өзі арифметикалық төрт амалға келіп тіреледі. [14]

Арифметикалық мысалдар мен есептер оқушылардың ақыл -ой қабілетінің дамуына, ғылым негіздерін берік игеріп, алған білімдерін практикада қолдана білуге әсер етеді. Демек, бастауыш сынып оқушылары арифметиканы жақсы меңгеруге міндетті. Алайда, мектепте бастауыш сынып оқушыларының көбі ауызша есептеуге шорқақ келеді. Шын мәнінде сабақ сапасын арттырудың бір шарты- оқушыларды ауызша есептеуге дағдыландыру. Сондықтан әрбір мұғалім бірінші сыныптан бастап, ауызша есептеуге ерекше көңіл бөліп, өзінің жұмыс стилін қайта құру қажет. Ауызша есептеудің түрлерін, міндеттерін мұғалім сабақта үнемі есте ұстауы тиіс. Ауызша есептеу күнделікті тұрмыста көп қолданылады, оған дағдылану баланың зейінін арттырады, жазбаша есептерді жеңілдетеді. Ауызша есептеулердің мұғалімдер үшін методикалық жағынан да маңызы өте зор. Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде сабақты ауызша оңай шығаратын мысалдар мен есептерден бастап, құрылымы ұқсас, бірақ жазып шығаруды керек ететін күрделі есептерді шығаруға біртіндеп көшеді. Оқушыларды ауызша есептеуге дағдыландырып, нәтижені тез табуға қол жеткізу үшін әрбір сабақты осы мақсатқа 5-7 минут арнайы уақыт бөлу қажет. Мұны сабақтың қай кезеңінде жүргізудің тиімділігін мұғалімнің өзі таңдайды. [20] Ауызша есептеуге тек кіші сандарды ғана алмай, тақырыпқа сәйкес үлкен сандарды да алған жөн. Ауызша есептеудің екі түрі бар. Біріншісі - тек есту арқылы оймен ғана есептеуде, екіншісі – көру, есту арқылы, кестелерді пайдаланып, ауызша есептеу. Сабақта екеуін де қолдану керек. Екінші түрі жазбаша нумерацияны өткеннен кейінқолданылады. Мұғалім ауызша есептеудің әртүрлі тәсілдерін қосу, азайту және көбейту, бөлу кестелерін өткеннен кейін үйрету тиіс. 3-4 сыныптарда тақырып материалы күрделеніп, мысалдар мен есептерді шығару қиындайды.[4]

Көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді өткенде ауызша есептеуді орынды кірістіріп отыру керек. Көп таңбалы көбейтуге дейін, оқушылар екі таңбалы сандарды көбейтуді жақсы меңгеруі тиіс. Оның әртүрлі тиімділігі бар. Оқушылар 10, 100 және тағы басқа, яғни 0-мен аяқталатын сандарды көбейтуді тез меңгереді, себебі, көбейтерде неше 0 болса, сонша 0 тіркеп жазамыз дейді.

І. Екі таңбалы санды 11-ге көбейту. Екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін, берілген санның цифрларын өзгеріссіз қалдырып, сол цифрлардың қосындысын ортасына жазу керек.

Мысалы: 1. 23х11 =253

2. 62x11=682

3. 98x11=1078

Берілген сан цифрларының қосындысының оннан артық болған жағдайда, бірінші цифр 9-ға 1-ді қосып жазамыз. Сонда, 98x11=1078

58х11= 638, мұнда да қосындысы 10-нан артық, сондықтан 5-ке 1-ді қосып 6 деп жазамыз. Оқушыларға осы жағдайды ерекше ескерту керек. Енді көп таңбалы санды 11-ге көбейту үшін берілген санның бірінші және соңғы цифрларының арасын ашық қалдырып сол күйінде жазамыз. Олардың арасында берілген санның цифрларының оңнан солға қарай жазамыз.

1 - мысал 2436, 2- мысал, 71236 3- мысал, 6174

х 11 х 11 х 11

26796 783596 67914

бұл мысалдардың өзгешелігі 7+4 =11.

Қосындысы екі таңбалы сан. Көбейтіндіге бірліктегі бірді жазамыз. Бірнеше мысалды қарастырғаннан кейін оқушылар мұндай мысалдарды тез игеріп алады, қызыға шығарады. Бір таңбалы сандарды қосуды, көбейту кестесін оқушылар көбінесе жаттау арқылы біледі, сондықтан көп таңбалы сандарды көбейтудің бірнеше тәсілін құрастыруды жөн көріп отырмын.

ІІ. Екі таңбалы санды 12-ге көбейту. Екі таңбалы санды 12-ге көбейту үшін, ол сандардың бірліктерін көбейтіп, көбейтіндіге жазамыз.

Мысалы: 13х12=156

15х12=180

17х12=204

22х12=264

Көздеген мақсатқа жоғарыда айтылған қысқаша көбейту әдістерін сабақта жүйелі түрде пайдаланып отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Мұғалімнің негізгі мақсаты - математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету. Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады.[13]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет