Күн:
|
Мұғалім:Тұрсағұлова И.А.
|
Сынып:3 «а»
|
Қатыскандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ такырыбы
|
Ауызша көбейту және бөлу. 16×5, 80÷5
|
Сабақтың мақсаты
|
16×5, 80÷5 жағдайындағы ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімді қалыптастыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Екі таңбалы санды көбейтіп, бөле алады.
Тапсырмалар, есептерді әр түрлі тәсілмен шығара алады.
Есеп материалдарымен таныса отырып, есеп шығара алады.
|
Ресурстар
|
Тақта, бор, плакаттар, ойынның түрлері, стикерлер, бағалау фигуралары, оқулық.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстративті, талдау, топтау, интеллектуалдық ойын сабақ.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сыйластық
Жауапкершілік
Өзін – өзін және қоршаған ортаны сыйлау
Әріптестік
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі, дүниетану
|
|
Сабақтың__жоспарланған__кезеңдері__Сыныпта_жоспарланған_іс-шаралар'>Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сыныпта жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
10 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
аманаҫу
түгендеу
назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Сабағымызды бастамас бұрын «Жүректен жүрекке»деген ойын ойнасақ. (Оқушылар бір біріне сабаққа
сәттілік тілейді).
Жылуыма жылу қос, міне менің қолым!
Енді біз сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.
ІІ. Өткенді пысықтау:
Үй тапсырмасын тексеру, талқылау. Көбейту кестесін қайталау.
|
Тақта, бор, плакаттар
слайд
|
Сабақтың
ортасы
Сергіту сәті.
|
ІІІ. Жаңасабақ.
-Балалар, бүгінгісабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Балалар, бүгінгіжаңатақырыбымыз «Көбейтужәнебөлу 16*5,80:5»
№1. Түсіндіру.
Екітаңбалысанғабіртаңбалысандыкөбейтужәнебөлуамалдарынорындауүшін, алдыменекітаңбалысандардыразрядтыққосылғыштарғажіктейміз.
1-қадам.
16-ныразрядтыққосылғыштарғажіктейміз.
16 дегеніміз 1 ондық. 6 бірлік, яғни 10+6
2-қадам. Көбейтіндініжазамызяғни (10+6)*5
3-қадам. Әрқосылғыштыжеке-жеке
5-ке көбейтеміз. 10*5 + 6*5
4-қадам. Көбейтінділердің мәнін табамыз.
16*5 = (10+6)*5 = 10*5+6*5 = 80
Демек, мәні 80 шықты.
Екінші амалымыз бөлу амалы
80:5
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу үшін екі қосылғышта ыңғайлы тәсілді пайдаланамыз. Ол үшін қосылғыштардың екеуіде 5-ке қалдықсыз бөліну керек.
1-қадам.
5- ке бөлгенде бөлінді мәнінің ондықтарымен бірліктерін анықтау мүмкін болатындай етіп қолайлы қосылғыштарға жіктейміз. 80=( 50+30)
2-қадам. Бөліндіні жазамыз. (50+30):5
3-қадам. Әр қосылғышты 5-ке бөлеміз.
50:5+30:5
4-қадам. Бөлінділердің мәндерін қосамыз.
80:5=(50+30):5=50:5+30:5=16
Мақта қыздың тапсырмасы:
- Балалар, мақта қыздың бауырын табуға көмектесейік. Оның шарты мынадай.
Қане, тәртіп сақтайық,
Тез есептеп аттайық.
Алға қадам басқанда,
Біздер батыл аттайық!
2-тапсырманы осы түсінгендеріміз бойынша орындаймыз.
14*5=10*5+4*5=70 12*5=10*5+2*5=60 70:5=50:5+20:5=14 60:5=50:5+10:5=12 15*6=10*6+5*6=90 90:6=60:6+30:6=15
- Балалар, мақта қыздың бауырын табуға көмектестік. Енді келесі тапсырма
«Маймылға банан жинауға» көмектесейік.
Көп білетін оқушы,
Тақта алдына келеді.
Есептердің шешімін,
Дұрыс тауып береді.
№3. Есепті шығар.
30 күнде-120(о)
Жасайды
1 күнде-5(о)
Орындайды-?(к)
Ш: 120:5=24
30-24=6
Ж: 6 күн бұрын орындайды.
Жарайсыңдар, балалар біз тапсырманы дұрыс орындадық.
«Көңілді әуен».
Араға бал жинау тапсырмасы:
Ал,достарым,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер.
№4. Амалдарды орында.
165+70:5-24=155 571+14*5-35=606
64:8+16*5-18=70 72*5+(29+41):5=374
Перфокартамен жұмыс.
№5. Есепті шығар. (ауызша орындату)
Барлығы-12 (м)
Шығарды-?,
Қалды-?
Ш:12:6=2
12-2=10(м)
Ж: 10 мысал қалды.
Қоянның тапсырмасы.
№ 6. Бос тор көзге тиісті санды тауып қой.(Үндемес ойыны арқылы.)
4 м=400см 5 дм7см=57 см
8м 3дм=830 см 34дм=3м 40 см
60 дм=6м 32 см=3дм 2 см
|
Тақта, бор, плакаттар, ойнның түрлері, стикерлер, бағалау фигуралары, оқулық.
|
Сабақтын соңы
|
Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі ерекше ойын сабағымыз ұнады ма?
Не білдік?
Не үйрендік?
Бағалау.
Ойланайық бір мезет
Бақылайық,байқайық
Есептерді шығарып,
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық! – деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалау.
Күлімдеген күн -5
Көңілсіздеу күн-4
Үйге тапсырма: №7 (57-бет)
|
Оқулық
|
Рефлексия
|
|
Тақта Смайликтер
Стикерлер
|
Дифференциация – қабілеті жоғары балаларға топтық жұмыс түрлерін беру
|
Бағалау-сабақ бойы жинаған фигураларымен, есепті қалай шығарғандығына байланысты бағалау.
|
Қауіпсіздік ережесін сақтау-Денсаулықты
сақтайтын технологиялар:
Сергіту сәті
|
Сурет – 2. Дидактикалық ойындарды қолданып жүргізілген сабақтың қорытынды диаграммасы
Нәтижесінде : Оқушылардың оқу материалын меңгеріп, есте сақтауы 3 «а» сыныбы бойынша өте жоғары - оқушы (35%), жақсы- оқушы (40%),орташа- оқушы ( 25%) көрсетті.Қорыта келе, оқушыларға дәстүрлі сабақ түрінде емес, жаңартылған білім бойынша өткізу тиімді, әрі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
Зерттеу жұмысының нәтижесін талдай келе ауызша есептеу тәсілін бастауыш сыныпта жаңартылған білімберу мазмұны бойынша әртүрлі көрнекіліктер қолдану арқылы математика сабағын оқушыларға қызықтыруға, логикалық ойлауын дамытуға, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Оқушылар шапшаң ойланып, жинақылыққа үйренеді, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыланады.
Зерттеу жұмысы барысында ауызша есептеуді оқытудың негізгі басты жолы – «ойын әдісі» екені анықталды. Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылды. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалануға болатынына қатаң талап қойылды.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорыта келгенде, ауызша есептеулерді кестеден тыс жағдайларда орындау дағдылары, амал алгоритмдеріне сәйкес дағдылардың құрамды бөлігіне енеді.
Сондықтан тәжірибеде, әсіресе, амал алгоритмдерінде тірек білім болатын кестеден тыс ауызша есептеу тәсілдеріне баса назар аударылды.
Көздеген мақсатқа жоғарыда айтылған жаңартылған білім беру мазмұнының әдістерін сабақта жүйелі түрде пайдаланып отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Мұғалімнің негізгі мақсаты- математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету. Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушыларлдың ойлау қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады.[17]
Зерттеу жұмысының барысында зерттеу міндеттері орындалды:
Математикаға оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің
дамуына тигізетін әсері анықталды;
"Ауызша есептеу" ұғымының мазмұнын нақтыланды;
3 сынып оқушыларының математикадан есептеу дағдыларының өсу деңгейі анықталды.
Бастауыш сыныптарда көптеген ауызша жаттығуларды ойын түрінде өткізу ұсынылады. Тапсырмалардың мұндай формасы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырады, есте сақтау, ұғыну, сыныптастарымен қарым-қатынасы артады. Өйткені, ойын барысында балалар топпен жұмыс жасауды, жауапкершілікті сезінуді үйренеді.Ойын әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде көңіл–күйін, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға жол ашылады.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.
Менің байқағаным және тәжірибе нәтижелеріне сүйенсек:
1) егер оқушылар ауызша есептеу дағдыларын жетік меңгермесе жазбаша қосу, азайту, көбейту, бөлуге берілген мысалдарды "баған" түрінде шығару кезінде оқушылар разрядтың бірінен екіншісіне ауысқанда, амалдардың кестелік мәндерін табуда жиі қателеседі. Сонымен, есептеулер жүргізуде оқушылар жіберетін қателерін: қосу, көбейту, бөлу кестелерін жатқа білмегендіктен, амалдардың ерекше жағдайларын бір - бірімен шатыстырудан, ауызша есептеу тәсілдерін саналы меңгермегендіктен. Есептеулерде осындай қателер жіберетін оқушы ілгері сыныптарда өтілетін материалдардың мазмұнын меңгере алмайтыны түсінікті.
2) Ауызша есептеулерді ұйымдастырған кезде көбінесе көрнекіліктер қолдану немесе ойын эелементтерін пайдалану арқылы жүргізілсе нәтиже тиімді болады. Осы орайда әр сыныпқа арналып әдейі жасалған көрнекіліктер немесе әр тақырыпты, тарауды тексеру қажет болатын ауызша тапсырмалар тобы жоқ. Осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында тақырыпты таңдап алдым десем артық болмайды.
Зерттеулер жасағанда мен келесі болжамдарды басшылыққа алдым: егерде ауызша есептеулерді жүйелі түрде қолданатын болсақ, онда бұл оқушылардың есептеу дағдысын, есте сақтау қабілеттерін дамытады, оқушы білімі жаңа деңгейге көтеріледі, сонымен қатар білім сапасы артады.
Д. Пойа айтқандай: «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады. Егерде, пән сізді қызықтыра алмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». [16] Расында да, пәнді сүю және оны терең білу - мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Құрманалина Ш.Х. «Педагогика» Фолиант, Астана 2007
2. «Бастауыш мектеп» Республикалық журналы, № 3, 2009ж.
3. Ә.Б.Ақбаева, Т.П.Кучер, Ә.С.Акрамова, Г.И.Кукарина, А.Қ.Әділбекова «Математика» 3 – сынып, 1 – бөлім. 2014 жыл
4. Исаева Ж.П. «Математикадан оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін дамыту» 2015 жыл.
5. Джанабердиева С.А. «Математиканы оқыту әдістемесі», 2012 жыл
6. Ә.Б.Ақбаева, Т.П.Кучер, Ә.С.Акрамова, Г.И.Кукарина, А.Қ.Әділбекова «Математика» 3 – сынып, 2 – бөлім. 2014 жыл
7. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева «Математика» Алматы кітап, 2014 жыл.
8. Т. Оспанов, Құрманалина Ш., Қайынбаев Ж., Қосанов Б., Ерешева К., Маркина М., «Математика» 1 – бөлім, 2014 жыл
9. Базаралиева Ғ.Т. «Мектепке дейінгі бастауыш білім беру мазмұнының ерекшеліктері» Білім – Образование 2007, №2.
10.Айқынбаева Г.Қ. «Қазақстандағы мектепке оқушыларды даярлау мәселелері: Педагогика» 2006, № 4.
11. Базаралиева Ғ.Т. «Мектепке дейінгі бастауыш білім беру мазмұнының ерекшеліктері» Білім – Образование 2007, №2.
12. Ақпаева Ә.Б., Буровова В.В. Математика 4-сынып. - Алматы, 2009 жыл, 304 б.
13. Оспанов Т.Қ., Астамбаева Ж.Қ. «Математикадан 12 жылдық білім беретін мектептің 1-4-сыпыптарына арналған оқу-әдістемелік топтама», - Алматы: «Атамұра», 2006. – 593 б.
14. Алпысов А.Қ. «Математиканы оқыту әдістемесі», Павлодар 2012 жыл
15.Есенжолов Е.Қ.., «Математика оқыту теориясы және әдістемесі», 2014 жыл.
16. Математика және физика журналы. №5, 2007 жыл, 6 б.
17.«Бастауыш мектеп» Республикалық журналы, № 3, 2009ж.5 – 7 б.
18.Жунусова М.Р. «Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту», Қарағанды, 2008, 19 – 21б.
19.«Математика Қазақстан мектебінде»№1 2010ж, 8 – 10 б.
20.Жунусова М.Р. «Ғылыми зерттеуге кіріспе. Қарағанды», 2009, 8 – 15 б.
Достарыңызбен бөлісу: |