ІІ. Іс - тәжірибелік бөлім.
2.1. Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін ұйымдастыру және анықтау тәжірибелері ............................................................................................. 21
Қорытынды ............................................................................................. 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Семей, 2020
МAЗМҰНЫ
|
КIРIСПЕ..................................................................................................
|
МAТЕМAТИКA СAБAҚТAРЫНДA AУЫЗШA ЕСЕПТЕУ ДAҒДЫЛAРЫН ҚAЛЫПТAСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
|
Aуызшa есептеу тәсiлдерi
|
Aуызшa есептеулерге aрнaлғaн жaттығулaрдың түрлерi
|
БAСТAУЫШ МЕКТЕПТЕ МAТЕМAТИКA СAБAҒЫНДA БIЛIМ AЛУШЫЛAРДЫҢ AУЫЗШA ЕСЕПТЕУ ДAҒДЫЛAРЫН ҚAЛЫПТAСТЫРУ
|
Aуызшa қосу және aзaйту әдiстемесi
|
Aуызшa қосу мен aзaйту aрқылы оқушылaрдың тaнымдық, шығaрмaшылық қaбiлеттерiн дaмыту
|
IС-ТӘЖIРИБЕЛIК БӨЛIМ
|
Оқушылaрдың мaтемaтикa пәнiне қызығушылығын aрттыру жолдaры
|
Aуызшa қосу және aзaйтуғa aрнaлғaн есептеулерге aрнaлғaн сaбaқ жоспaрлaры
|
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
|
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.........................................
|
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы жылдардағы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру, білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл - ойының дамуы және танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Бұл кезде баланың ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар орындатамыз, сөздерді жазғызамыз тағы басқа тапсырмалар орындатамыз. Мұндай тапсырмалар баланы жалықтырады және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс - әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе, онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады. Ауызша есептеуге берілген жаттығулар баланың тез ойлай білу, жылдам шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Осы тарапта алынған біздің жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде бүгінгі оқыту жүйесіндегі математиканы оқыту алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |