Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы эстетикалық тәрбие беру» Топ студенті: Оқытушы: (қолы) Қорғау күні: 2022 ж Бағасы: мазмұны кіріспе І эстетикалық ТӘрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері
Қaзaқстaн Peспубликaсы оқу-ағарту министрлігі Министpлiгi
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы эстетикалық тәрбие беру» Топ студенті:
Оқытушы:
(қолы)
Қорғау күні:
« » __________ 2022 ж
Бағасы: _____________
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...........................................................................................................3 І ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері....................................6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселелері мен ерекшеліктері.....................................................................................................10
ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 2.1. Бейнелеу өнері пәні бойынша балаларға эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі....................................................................................................................13
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамымыздың әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени жағынан қарыштап дамуы – білім беру жүйесіне қойылатын талапты түбегейлі өзгертті. Қазақстан Республикасьның «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген. [1]
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты - әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, эстетикалық талғамы биік, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру. Бұл - мектеп, отбасы, қоғамдастық, ең алдымен оқушының бірлескен әрекетінің арқасында ғана өз нәтижесін береді. Мұнда бірінші эстетикаға тәрбиелеу басты роль атқарады. Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айрықша. Эстетикалық тәрбие - шындық құбылыстары немесе көркем шығармалар туралы әсем немесе асқақ нәрседен туындаған тәжірибе мен сезім түрінде көрінетін эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - кең мағынада мектеп оқушыларында табиғаттағы әсемдіктер туралы, адамдардың мінез-құлқы туралы идеялар тудыру, оларды көркемдік шығармашылыққа баулу, шындықтағы және көркем шығармалардағы әсемдікті сезіну және дұрыс түсіну қабілетін дамыту деген сөз.Қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруының қазіргі жағдайында жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастырудағы маңызды рөл, шығармашылық белсенді тұлғаны дамыту мектепке, атап айтқанда, көркемдік-эстетикалық цикл субъектілеріне тиесілі.
Еліміздегі жас буынды эстетикалық тәрбиелеуді қолға алып жүрген, іс –тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен еңбектері бар ғалым – педагогтардан С.Ұзақбаева, Қ.Сыздықов, А.Бейсенбаева, А.Тұрбекова, Х.Арғынбаев, С.Қалиев, т.б. айтуға болады. [2]
Қазіргі таңда мектеп алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы жасөспірімдерді жан – жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондай тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбиелеу де көлемді орын алады. Мектеп кезінде эстетикалық тәрбие мен мәдениеттің негізі қаланады, сол себепті эстетикалық тәрбиелеу мәселесі елімізде әрдайым тәрбиенің жалпы мәселелерімен байланыстырылып келеді. Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.
Бүгінгі таңда оқушылардың эстетикалық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттілігі мен мектепте, мектептен тыс ұйымдардың ұлттық тәлім тәрбие берудегі қызметінің жан жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама -қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы эстетикалық тәрбие беру» - деп таңдадық.