Курстық жұмыс Тақырыбы: «Информатика пәнінен 5 сыныпқа жиынтық бағалау тапсырмаларын құру» Пәні



Дата10.04.2023
өлшемі33,79 Kb.
#81211
Байланысты:
Курсавой Саягүл (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Математика, информатика және физика кафедрасы




Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Информатика пәнінен 5 сыныпқа жиынтық бағалау тапсырмаларын құру»
Пәні: Информатика әдістемесі
Мамандығы: 0104000 Кәсіптік білім беру (салалары бойынша)
Біліктілігі: Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)


Орындаған: 4аКБ – 9 топ студенті
Серикова С.А
Жетекшісі: Султангалиев Р.С.

Орал қаласы, 2023 ж.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................

3







I бөлім. Жиынтық бағалау тапсырмалары




1.1 Жиынтық бағалау қоры......................................................................................


1.2 Жиынтық бағалау..................................................................










II БӨЛІМ. «Информатика пәнінен 5сыныпқа жиынтық бағалау тапсырмаларын қоры »












2.1 Жиынтық бағалау тапсыралары..........................................................


2.2Жбазасын құру үлгісі....................................................................................................


КІРІСПЕ
Қазіргі таңда жиынтық бағалау тапсырмалары әр мектепте өте орынды. Басты категория болып осы бағалау жүйесі өте тиімді болып табылады.
2020-2021 оқу жылында оқушыларды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды білдіретін критериалды бағалау жүйесі бойынша жүргізіледі:
Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі. Формативті бағалау 10 балдық жүйе форматында өтеді.
Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.
Формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Формативті бағалау үлгерімді ағымдағы бақылауды жүргізу қағидалары шеңберінде ҚР БҒМ әзірлеп, №125 Бұйрықтың өзекті нұсқасына енгізілді.
Формативті бағалау қалай есептеледі?
Мұғалім келесі дифференциацияға сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің прогресін балл түрінде журналға тіркейді:
1 балл – оқу тапсырмаларын 0% ден, 10% дейін орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;
2 балл – оқу тапсырмаларын 20% - ға дейін орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
3 балл – оқу тапсырмаларының 30% - на дейін орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауына мұқтаж;
4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
5 балл - 50%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 5-ке дейін қателіктер жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
6 балл - оқу тапсырмаларының 60%-на дейін орындады, 4-ке дейін қате жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;
7 балл - оқу тапсырмаларының 70% - ға дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің пікірлері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, тәуелсіз;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қатемен жұмыс істейді, белсенді, дербес;
10 балл - оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, тәуелсіз, түсіндіре алады, жауаптарын негіздейді.
Формативті белгілер оқушының есептік кезеңдегі жалпы үлгеріміне әсер етеді: тоқсан немесе жартыжыл шеңберінде.
Оқушының қорытынды бағасын есептеу формуласы мақалада қолжетімді: Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша нұсқаулық.
Формативті бағалауды жүргізу кезіндегі белгілердің түс гаммасы, Әдістемелік-нұсқау хаттағы (2020-2021) ақпаратқа сәйкес бағаланады.
Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.
Бөлім / өтпелі тақырыбы бойынша алынатын жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша (бұдан әрі - БЖБ) оқушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін баллдар қойылады.
БЖБ тоқсанның екінші жартысында бір рет, оның аяқталуынан кемінде екі апта бұрын, тоқсанның бір бөлімін (тақырыпты) өту барысында өткізіледі. Оны екі кезеңде өткізуге рұқсат етіледі.
Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:
43,11 = 43
43,31 = 43
43,52 = 44
43,81 = 44
Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 65-ке тең болады.
Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты балы немесе олардың сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы немесе олардың сомасы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;
ТЖБ факт. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нақты балы:
ТЖБ макс. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың максималды балы:
Формативті бағалаудың ең жоғары балы (ФБ) - 10-ға тең.
Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау жартыжыл сайын жүргізілсе
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;
Формативті бағалаудың ең жоғары балы (ФБ) - 10-ға тең.
Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:
Жиынтық бағалау (2-11 сынып)
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
0-39% Қанағаттанарлықсыз «2»
40-64% Қанағаттанарлық «3»
65-84% Жақсы «4»
85-100% Өте жақсы «5»
Қойылған БЖБ / ТЖБ баллдарын қалай көруге болады?
БЖБ / ТЖБ баллдары «Тоқсандар бойынша» қойындысында қолжетімді:
Ата-ана парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
«Балалар» - «Күнделік» қойындысын ашу;
«Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.
Оқушы парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
«Мектеп» - «Күнделік» қойындысын ашу;
«Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет