Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған



бет2/9
Дата24.04.2023
өлшемі63,17 Kb.
#86175
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу объектісі: жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтары
Зерттеу пәні: Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарының психологиялық негізі
Зерттеу болжамы: Егер мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдермен психокорекциялық әдістерді тиімді қолданса, онда мінез-құлық ауытқушылықтарын алдын алуы мүмкін
Зерттеу міндеттері:
-мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар туралы ғылыми әдебиеттермен танысу, мәліметтерді жинастыру;
- жасөспірімдердің мінезідегі ауытқушылық мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасау, сараптау;
-мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды анықтау, зерттеу жұмысын жүргізу;
- мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға арналған психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу;
Зерттеу көздері:
- ҚР «Білім беру туралы» заңы;
Зерттеу әдістері: Айзенк тесті, Басса-Дарки, Телетайп, Аялдама, Ақ лента, Өзен толқыны, интервью, Мүсін, Ашулы шарлар,Пингвин, Қос мейірімді
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теориялық аспектілері көрсетілді;



Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, теориялық I тараудан,II тараудан практикалық негізі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы , Орал қаласы №45 жалпы орта білім беретін мектебі

І ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Жасөспірімдік кезеңдегі балаларға жалпы сипаттама

Жасөспірімдер - 16-18 жас аралығындағы балалар. Бұлар ересек жасқа әлі жетпегендігімен, жеткіншек жастағы қылықтарын қойып, өзгелерге дұрыс қатынаса бастайды. Сырттай қарағанда мәдениетті, көмектесуге даяр тұрады. осы уақытқа дейін ойнап, тапсырмаларды дұрыс орындамай жүрсе, осы жаста келешегін ойлап, мамандық таңдауға кіріседі, оқуға салмақты қарайды. Жақсы оқуға тырысады. Ақыл-ойы едәуір дамып, өз ісіне, ойына дәлелді талдау жасап, рефлексиясы дамиды. Негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Кейбіреулері мектепте қалса, енді біреулері мамандық таңдап, қалаған оқу орындарына барып оқиды. Жауапершілігі ұлғаяды, өздері, туғандары және өзгелер жайлы ойлап, қамқоршы болады.


Баланың психикалық, анатомо-биологиялық дамуына оның әлеуметтік орны да көп әсерін тигізеді. Cонымен қатар, оның айналысатын жұмысы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Мысал үшін, 50 жыл бұрын өмір сүрген бала мен қазіргі бала арасында көп айырмашылық табуға болады.
Ең алдымен біз жасөспірімдерді азамат деп атаймыз, себебі олар осы жасқа жеткенде есея түседі. Және бұлар жеке тұлға бола алады. Психолог мамандардың айтуынща өз істеріне өздері жауап бере алады, өз беттерімен шешім қабылдайды, психикалық тұрғыдан сау. Ал, психикалық мүгедек адамдарды біз жеке тұлға деп атай алмаймыз.
Жеке тұлғалықтың тағы бір көрсеткіші – өз беттілік қасиеті. Олар үлкендердің қамқорлығынан босап, өз беттерімен әрекет етуді қалайды және осыдан бастап дами түседі.
Қиыншылықтан бас тартпауды алсақ, осы қасиет жасөспірімде күшті дамиды. Себебі, кім еңбек не оқу қиыншылығынан қорықпай, осыларға ұмтыла білсе, сол оқушылар көптің көзінше тұлға деп есептеледі. Сонымен қатар, осы қасиет ұлдардың өзгелер алдында өзін көрсеткісі келіп, әсіресе қыздардың алдында тиісті объектіге барлық күшін салып ұмтылады. Бірақ осының өзі кейде тек өзін көрсету үшін болуы мүмкін.
Тұлғалық қасиеттің көрністерінің бірі - әр жасөспірім өз уәдесінде тұруы. Егер ол өзгені алдап кетіп, берген уәдесінде тұрмаса, осының өзі азаматтық қасиет емес. Себебі бұл әрекеті үнемі оны аңдып, алдына кедергі болады, өзгелер оған сенбейтін болады.
«Мен» қасиеті өспірімдерде де болады. Және олар өздерінің жасына сай қасиет, мүмкіндіктерін барынша көрсеткенге даяр болады. «Мен» деген мағынаны психологтар адам өзіне өзі тең екенін білу деп түсіндіреді. Осы жастағы кейбір қыздар айнадан өз ажарын көріп, түрінің өзгергенін сезіп, қатты ойлана түседі. Бұл ойлану ажардың өзгеруінен емес, әркім өз денесінің өзгеше келуіне риза болмай, осы туралы қапалануынан да кездеседі. Бұлардың бәрі өспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай қасиет. Қапаланудың себебі өздеріне жолдас, кейде болашақ жар іздеу де болуы мүмкін. Осының нәтижесінде, өінің қаншалықты ажарлы болып кеуіне және денесінің әсем екеніне үлкен мән беріп, осы қасиеттерді қалайда
дамытып, жақсартуға тырысады. Жасөспірімдер өздерінің «мен» қасиетін
өз ісін, қылығын бағалаумен байланыстырады. Өз келешегі жөнінде арман ететіндіктен, өзінің әрбір кемістігіне, сәтсіздігіне мән беріп, осыған талдау жасайды. Осы жастағыларда өзін бағалаудың мынадай түрлері кездеседі: бірі - өзі туралы алдын-ала көздеген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен, салыстырып теңдестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткенінің белгісі деп санайды. Ал керісінше болса, сәтсіздік деп түсінеді. Және бұл өзін төмен бағалауға әкелуі мүмкін.
Ал, екінші түрі - өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы кеміс жақтарын білу. Мұндай жағдайда, өз ісі жөніндегі бағасы оған берген ересектер бағасына дәл келмеуі ықтимал. Мысалы, олар өздері қалаған шешімді дұрыс деп біледі, ал үлкендер мұны қате деп табады. Мұны еске алмағанда бала өзі және ісі жөнінде өзгелердің бағасын салыстырып, қажет жағдайда кемшілігін түзете алады. Бұл өспірім өмірінде ерекше рөл атқарады. Себебі, егер әркім өзінің кеміс жағын, табыстарын дұрыс бағалай алса, осының өзі бұдан дұрыс қорытынды жасап, алдағы кезде өз мінез-құлқын, ісін одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді..
Ал өз құрбыларымен қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері жеткіншектерге қарағанда ірі өзгерістерге ұшырайды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді, болашағы туралы толғанады, достарынан пікірлесуді қалайды. Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды. Олар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет