Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған



бет8/9
Дата24.04.2023
өлшемі63,17 Kb.
#86175
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаттығу «Пингвин».
Қатысушылар пингвин болып, ішкі, орта шеңбер, сыртқы шеңбер құрулары керек. Сыртқы шеңбердегі пингвиндер ішкі жақтағы пингвинге қосылуға әрекет жасайды, ортадағы пингвиндер жібермеуге тырысады.
В. А. Сониннің әдісі «Бұл әлемде мен кіммін?»
Мақсаты: Агрессияны қалай шығаруға болатынын ұғындыру.
Тренинг «Ашулы шарлар»
Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып үрлеп, оларды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бйнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңдар? Ашуды осылай шығару жұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыңдар?
- Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
- Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашумызды бақылап шағарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
- Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу - ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.
Жаттығу «Қос мейірімді»
Мақсаты: Бала бойындағы агрессиядан арылту.
Топ шеңберге тұрады. Біреуінің көзі байланады. Жүргізуші қолымен бір қатысушыны көрсетуі керек, (бірақ агрессивті баланы емес) соған көзі байлаулы бала барлық ашу ызасын айтып тастауы керек. Сосын көзін шешіп кімге айтқанын көрсету керек «құрбанынан» кешірім сұрайды. Көзі жұмулы баланың өзін көрсету кезінде эффект қызық бола түседі.


Қорытынды
Қазіргі уақытта баланың мінез-құлықы бұзылу себебін түбегейлі түрдезерттеленіп жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік, психологиялық, клиникалық педагогикалық аспектіде қарастырылуда.
Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес.
Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.
Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік
білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе.Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әрекетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен
қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты анықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан
дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет