Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған


Мінез-құлық ауытқушылықтарының таралу жолдары



бет3/9
Дата28.12.2022
өлшемі63,11 Kb.
#60044
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 курс

1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтарының таралу жолдары
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде
қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды
бейнелейді.Көптеген ғылымдарда « қалыпты» және « аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында « қалыпты» «аномалды» мінез- құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен
байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке
адам мінез- құлығының нормалды/ аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.
Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез- құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олқылықтарды қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан, былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.
Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.
Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Н.Л.Коломинский, В.Н.Мясищев, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, К.С.Лебединская,
Г.В.Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар
балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді. Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жүмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына барабар түрде қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.
Алайда, бұл балалардың тұлғасын дұрыс бағытта қалыптастыру және тәрбиелеу өте қиынға соғады, өйткені олардың дамуы екінші рет шиеленіскен себептермен байланысты мидың органикалық зақымдалу жағдайында жүріп жатады. Мінез-құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу үшін мұғалімдер мен тәрбиешілер олардың тұлғасының қалыптасуына қиындық туғызатын ерекшеліктері жөнінде хабардар болуы тиіс.
Осы тұрғыдағы жасөспірімдердің бір қатар ерекшеліктері, олардың жоғары жүйке әрекетінің зақымдануымен, таным іс-әрекеттерінің, эмоционалды еріктік сфералары және т.б. қасиеттерінің толық жетілмегенімен ескеріледі. Бұл ерекшеліктер, өз кезегінде салғырттық, әлсіздік, енжарлық және жұмысқа қабілеттілігін төмендеуін қамтамасыз етеді.
Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек[16.40].
Белгілі психолог, ғалым С.Л.Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан.
Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің
тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
Жасөспірімдік жас кезеңіне тән ерекшеліктерді және олардың айналысатын түрлі іс-әрекеттерінің ықпалын зерттеу нәтижесі, көптеген ғалымдардың пікірін, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының қалыптасуында негізгі орынды еңбек іс-әрекеті алады, - деген қорытынды жасауға түйіндейді. Бірақ балалармен тұлғалық дамуы еңбек іс-әрекетінің бөлек түрлері арқылы іске аспай, сол іс-әрекеттерді белгілі бірлік жүйесіне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұйымдастыру жүйесі, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына еңбектің нәтижелі психологиялық ықпалымен қамтитын, белгілі мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың жұмыс моделін құрастыруға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдік жас, қауіп-қатерлі топқа енетін кезең болып саналады. Белгілі кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Л.В.Мудрик, В.А.Сухомлинский, В.Т.Властовский, И.С.Кон, И.А.Невскийдің еңбектерінде жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері баяндалған.
Жасөспірімдік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жасөспірімдік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді [18.14]. Сонымен қатар, жасөспірімдік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады. Бұл өзгерістер жасөспірімдердің бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі. Өзіндік сана-сезімі мен өзін -өзі бағалауы белсенді түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттеріне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады [19.37]. Қызығуында маңызды өзгерістер байқалады және рухани қажеттіліктері дамып,
құндылы бағыт иерархиясы, өзіндік дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзіне көзқарасы қалыптаса бастайды.
Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады
К.К. Платонов "мінез-құлық" терминіне кең танылған тарихи жинақталған мағынаны бекітуін ұсынған, яғни мінез-құлық - бұл оның субъекивті құрамдарын ескермей-ақ, іс-әрекеттің сыртқы көрінісі болып табылады, деп белгілейді.
Л.И. Божович, В.А. Крутецкий, Т.В. Драгуновтің зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектеп оқушыларының көбісінде, өз жасына сай адамгершіліктік-өнегелі ұғымдар дұрыс талқылауы көрсетіле отырып, барлық жастағы оқушыларда мінез-құлықтың адамгершіліктік нормалары жөнінде білімі дұрыс бола бермейтіні де анықталған. Мұндай бұрмалы білімнің себебі: тәрбие үрдісінің дұрыс басқармағанында, дұрыс
түсінбеген фактілерге зейінді көбірек бөлгендікте, ересектердің өз
беттерінше талдауға талаптануында, - деп түсіндіріледі. Л.И.Рувинский өз зерттеулерінде мінез-құлықтың адамгершіліктік бағалау қызметі мен психологиялық механизмдердін, білімдер және қасірет аралық байланыс орнату шарт ретінде қарастырған. Нәтижесінде автор, адамгершіліктік-өнегеліктің құнды саналы-эмоционалды меңгеру концепциясын ұсынды
Кеңес психологы А.Н.Леонтьев, мінез-құлықтың мотивін теориялық тұрғыда түсінуіне көп үлесін қосып, осы мәселеге бағытталған бір қатар зерттеулерді, кең тұрғыда жүргізген. А.Н.Леонтьев, мотивті өзекті қажеттілікке жауап беретін, яғни оны қанағаттандыру шарасы ретінде көріне отырып, мінез-құлықты белгілі жүйемен ұйымдастыратын зат деп, - анықтады. Бақыланған мінез-құлықтың бір қажеттілік мотивациясында әртүрлі заттар орындалуы мүмкін.А.Н. Леонтьев, зерттеу жүргізу барысында, қажеттілік өз бетінше мінез-құлықтың мотиві бола алмайтынын көрсетті, өйткені мұқтаждық күй ретінде ол ағзаның тек
бағытталмаған белсенділігін ғана тудыруға және мұқтаждықтан пайда болған күштің толық жойылуына дейін, оны белгілі деңгейде қүшейтіп немесе әлсіретіп тұруға қабілетті болады. А.Н.Леонтьев, толық мотив үшін, яғни мінез-құлықты белгілі бір жүйеге бағыттау үшін, кемінде екі мотивациялық факторлар қажет деген шешімге келді: ол қажеттілік және мотив. Сонымен "мотив" дегеніміз - іс-әрекеттке, белгілі бір қылықтырға итермелеуші күш. Бұл баланың қажеттіліктері, қызығушылықтары, құмарлықтары және эмоциялары болуы мүмкін. А.Н.Леонтьев қажеттілік пен мотив арасындағы айырмашылықты, тек мінез-құлық мотивациясындағы үрдіс ретіндегі әртүрлі рөлінде ғана емес, басқада деп ұйғарды. Қандай да болмасын қажеттіліктің, қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі субъективті түрғыда ғана көрінеді, демек санасыз түрде эмоцияда ғана көрініс береді. Ал мотив адам санасында мінез-құлық бағытталған объект немесе мақсат ретінде көрінеді. Қандай болмасын мінез-құлықты бағалау, оны бір нормалармен, ережелермен салыстыруды ұйғарды
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жүмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді [24.95]. Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауымен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет