Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған



бет7/9
Дата28.12.2022
өлшемі63,11 Kb.
#60044
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 курс

Тренингтік жаттығулар:
«Телетайп».
Мақсаты: «Қауіпті топтағы» жасөспірімдердің қайта позитивті бейімделуін, әлеуметтік бейімделуін түзету.
Қатысушылар шеңбер бойымен қолдарын ұстап тұрады. Сыбырлап айтушының атын айтып хат жібереді. Хат шеңбер бойымен білінбейтіндей қол қысумен беріледі. Ортадағы жүргізуші – қол қысуды байқап қалуы керек. Байқалып қалған оқушы жүргізушінің орнына барып ойынды жалғастырады.

Жаттығу «Аялдама».
Мақсаты: Қатынас қабілетін дамыту, агрессияны болдырмау, қақтығыссыз қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Балалар автобуста бір-біріне жабысып тығыз түрегеп тұрған жолаушылар кейіп бейнелейді. Бір қолдарын жоғарыда, бір қолдарында сумкалары бар. Арт жақтағы жолаушы аялдамасына келгенде орталарынан қыстырыла сыртқа шығуға әрекеттенеді. Жолаушылар тығыздала түседі.
Жаттығу «Ақ лента».
Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.
Плакатқа МЕН деген жазу іленеді, балалардың алдына ақ лента салынады.
Балаларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінесіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз мына лентадан аттаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден құтылғыңыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.
Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жапсырып ақ лентраны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер ертеледі.
Жаттығу «Өзен толқыны».
Шеңберге қол ұстасып тұрып, қолды босатпай, бір адам «Қайырлы күн» деп отырып тұруы керек, келесісі осы қимылды іле шала қайталуы керек. Кідерссіз толқынға айналуы керек. Екінші айналым басталғанда қолды шапалақтап барып отырып тұру керек. Екі адам бірдей қайталап отырып қойса, ойын қайта басталады. Толқын біркелкі болғанша қайталанады.
Жаттығу «Интервью».
Мақсаты: Серіктесін тыңдай білуді дамыту, және коммуникативті дағдыларын жетілдіру.
Тренинг барысы:
Қатысушылар жұптарға бөлінеді, кезектесіп «журналистер» мен «жұлдыздар» болады. «Журналистер» «жұлдыздардан» интервью алады және ол туралы не білгісі келсе, соны сұрайды. Бір-бірінен интервью алып болған соң кезектесіп өз жұлдыздарын таныстырады.
Жаттығу «Мүсін».
Мақсаты: Топ ортасында өзін еркін ұстауды қалыптастыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ортада әртүрлі қимыл жасайды, қатысушылар айнытпай сол қимылды қайталаулары керек. Жүргізуші «Мүсін» деп тоқтап қалғанда бәрі қатып қалуы керек, қозғалып қойған, не күліп жіберген адам ойынды жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет