Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған


Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарын түзете дамыту жолдары



бет6/9
Дата28.12.2022
өлшемі63,11 Kb.
#60044
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 курс

2.2Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарын түзете дамыту жолдары
Баланың өсіп жетілуіне, үлгеріміне, тәрбиесіне, мінез-құлқына, жанұяның, мектептің, сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайларын қарастыруға, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға көмек беру.
Балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен әңгіме өткізу. Қиын оқушының мекен-жайы бойынша үйіне барып тұрмыс жағдайын анықтау. Әке-шешесі туралы толық мәлімет алу. Ата-анасынан оқушының сабақтан тыс бос кезіндегі уақытын қалай өткізетін жайлы сұрап білу,акт қағазын толтыру.
Оқушының оқуға, мұғалімге деген көзқарасы, денсаулығы, отбасының құрамы, мінез-құлық ерекшеліктері, сыныптағы алатын орны, оқушылармен қарым-қатнасы, ақыл-ойының даму деңгейін анықтау. Оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу. Алынған нәтижелердің ерекшелігін диагностикалау.
Жасөспірім салауатты тандау жасай алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты тандау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдың алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
-оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
-оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда..
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты.
Оған мыналар кіреді:
-оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
-оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындауы;
-оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
-оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез- құлқын әртүрлі ілеуметтік институттар реттейді. Қоғамдық әсер ету- құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау жіне
психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін. Мінез-құлықтың бұзылуларының күрделі сипаты, олардың алдын-алу мен жою әлеуметтік ықпалдардың жақсы ұйымдастырылған жүйесін талап етеді. Психологиялық көмек- қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін атқарады және айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді.
Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: психологиялық превенция(ескерту, прафилактика) және психологиялық интервенция(қиындықты жеңу, түзету,реабилитация) Ереже бойынша
Психо-диагностика жұмыстың дербес бағыты емес психологиялық көмектің мақсаты болмауы тиіс.
Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.
Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары
мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.
Психологияда «қылық»- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз (аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық –бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім –тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.
Мінез –құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П.П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П.П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.
Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З.
Матвейчик, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен.
Белгілі психолог ғалым Б.Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:

  • Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;

  • Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;

  • Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.

Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.
Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.
Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар.
Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті
проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:

  • оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

  • оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог,

  • мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

  • оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

  • оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;

  • оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

  • оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.


Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Г. А. Цукерманның айтуынша : «Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойында даралық қабілеттерді қалыптастыру емес, жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет. Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзеуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді».
Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер өткізудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет