Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жасөспірімдерде кездесетін мінез құлық ауытқушылықтары Орындаған


ІІ тарау.Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарын экспериментте зерттеу



бет4/9
Дата28.12.2022
өлшемі63,11 Kb.
#60044
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 курс

ІІ тарау.Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарын экспериментте зерттеу


2.1 Жасөспірімдерде кездесетін мінез-құлық ауытқушылықтарын анықтау

Девианттық мінез-құлықтың себептерін социологтар бірнеше


бағыттардан іздейді.
1. Адам бойындағы бірқатар кемшіліктерден - эгоизм, көре алмаушылық, өз мақсатын орындауға деген шектен тыс ұмтылыс, т.б.
2. Олардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен.
3. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдан. (тәрбие, білім, қоршаған орта, жұмыс істеу мүмкіндігі т.б)
Ғалымдар ауытқымалы мінез - құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар. Біріншісі девианттылықтың себебін биологиялық факторларға қатысы бар деп есептейтін бағыт. Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен комформизм - бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп көңіл бөлінеді? деген сұрақ қояды. Бұған Дюркгейм былайша жауап береді. Біріншіден, девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңілін өзіне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын оған деген халықтағы, мемлекеттегі қобалжулықтың көтеріңкі болуымен байланыстырады. Басқа ғалымдар девиацияның себебін әртүрлі жолдармен түсіндіреді. Мәселен, ХІХ - ғасырдың аяғында итальян дәрігері Цезаре Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның
пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл концепцияны жақтаушылар көп болды. Мәселен атақты американдық психолог және дәрігер Уильям Шелдон да (1940) девиацияға байланысты адамның дене бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын. Мысалы, эндоморфты адамдар, яғни, біршама дөңгелектеу келген орташа толық адамдар әдетте көпшіл, елмен тіл табыса алатын жән өз басын бірінші орынға қоймайтын, басқаның иіне көнгіш болып келеді. Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді.
Праис ауытқымалы мінез - құлықтың себебі дене құрылысының ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдардың
бұзылуынан іздейді.
Екіншісі, девианттылықтың себебін психологиялық факторларға қатысты деп санайтын бағыт. Зигмунд Фрейд адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы, есалаңдығы (психопат) теріс мінез - құлықтарды тудыратын себептер деп дәлелдейді.
Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі жоғарыда
келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы
мінез-құлықтардың басты себептерін әлеуметтік – мәдени факторлардан іздейді. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты болады деп көрсетеді.
Аномия - деген сөз француздың anomie деген сөзінен шыққан, заңның болмауы деген мағынаны береді. Аномия - әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары сәйкес келмеуі. Аномиялық жағдай заманның өтпелі кезеңдеріне болатын экономикалық деңгейінің, имандылық дәрежесінің төмендеуіне байланысты пайда болады. Аномия адамдардың механикалық бірлігінен органикалық бірлігіне өтуінің толық анықталмау нәтижесі. Аномия ұғымының мәнін Э.Дюркгейм «Суицид» еңбегінде толық ашып көрсетеді. Ол суицидтің: эгойстік, альтруистік, аномиялық түрлерін бөліп көрсетеді.
Девиантты әрекеттің әлеуметтік мәдени себептерін ашып көрсеткен Р.Мертон болды. Аномия ұғымы Р.Мертонның қөзқарасынша адамдардың мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары арасындағы алшақтықты білдіреді. Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе алмаған жағдайда туындайды.
Р.Мертон мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін жоғарыдағы кестеде бейнелейді:
1) конформизм (қоғамың мақсаттары мен құралдарын қабылдайды);
2) инновация, реформизм (мақсаттарды қабылдайды оған жету құралдарынан бас тартады. Байлық пен табыстың жаңа заңсыз жолдарын іздейді мысалы, рэкет) (racketeering).;
3) ритуализм (сол қоғамның мақсаттарын қабылдамайды бірақ жету құралдарын қабылдайды. Ол күндердің бір күнінде сәттілікке жететініне яғни, тағдырына сенеді мысалы, бюракрат );
4) ретритизм, тұйықталу (мақсаттарды да оларға қол жеткізу құралдарын да қабылдамайды. Сол қоғамнан алшақтаған нашақор, маскүнем, қаңғыбастыққа бой бергендер);
5) төңкеріс (мақсаттар мен оларға жету құралдарынан бас тартып
оларды жаңасымен ауыстыру. Қоғамдағы тәртіпті ауыстырғысы келетіндер: саяси радикалдар, діни ұйымдардың мүшелері, төңкерісшілер). Адамдар аномияға осылайша бейімделеді. Бұл көбіне девиантты әрекеттер арқылы жүзеге асады. Аталған әрекеттердің ішінде конформизм – ең қалыпты мінез құлық үлгісі болса, қалғандары ауытқыған мінез құлық үлгілері болып табылады. Р.Мертонның ойынша, қоғам қаншалықты тұрақты дамыса девиантты әрекет те аз орын алады яғни адамдар қоғамға конформды қөзқараста болады.Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін
айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төндіреді.
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Оларды мынадай топтарға бөлуге болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және жағымсыз өмір ахуалдарымен және іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп барып көрінеді немесе бірден шарт кетуге алып келеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп қалуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көріну нысандары
өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым қандай да бір психологиялық ахуалға жауап ретінде туындайды да, оның жойылумен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет