Курстық жұмыс Тақырыбы: Жазылым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі Мамандық шифры


Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері



бет4/7
Дата26.12.2022
өлшемі76,49 Kb.
#59592
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері
Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану арқылы біз оқушырдың жазылым дағдысын қалыптастырамыз.Жазылым оқылым әрекеті секілді жазбаша коммуникацияға жатады.Жазылым фонемалық қасиетке ие болған графикалық таңбалар арқылы ойды жеткізудің құралы болып табылады. «Письмо является допольнительным к звуковой речи средство общения при помощи системы графических знаков, позволяющих формировать речь для передачи ее на расстояние, для сохранения ее произведений во времени».Айтылған сөз сол мезетте ғана қабылданса,жазылым айтылған ойды белгілі бір кезеңге дейін қашықтықта сақтайды,жеткізеді.Жазылым-сөйлесім әрекетінің барлық түрімен байланысты күрделі психофизиологиялық үдеріс.Ол көру,есту,сөйлеу аппараттары мен дыбыс анализаторларын біріктіреді.Қазақ тілін деңгейлік меңгертуде жазылым оқытудың дербес және негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Қарапайым деңгейде графикалық және каллиграфиялық дағдыларды қалыптастыру ,дыбыс пен әріпті сәйкестендіре жазу,орфографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсат етіп қойылады. Тіл үйретудің негізгі деңгейінде орфография мен жазылым дағдысын дамыту, ал орта және ортадан жоғары деңгейлерде бұған дейін қалыптасқан жазылым дағдылары одан әрі дамытылады. Оқу мақсаттарына оқушының жазылым дағдысы мен біліктіліктерін қалыптастыруға арналған жаңа жаттығу-тапсырмалары қосылады. «Жазылым әрекетін меңгерту үш компоненттен тұрады:
-лингвистикалық компонент;
-психологиялық компонент;
-дидактика-методикалық компонент».
Лингвистикалық компонент: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, материалдарды;үйренетін тілдің графикалық ерекшеліктері туралы білімдерді;дыбыс пен әріпті байланыстырудағы қиындықтарды жоюды; тарихи,грамматикалық,фонетикалық ұстанымдарға негізделген орфографиялық заңдылықтарды білуді;жазуда қолданылатын арнайы белгілерді қолдануды ;жазбаша мәтіндерге тән арнайы формулаларды қамтиды.Психологиялық компонент: тіл үйренушінің жазу біліктілігі мен дағдысын қалыптастырудан;ойды жазбаша формада жеткізу біліктілігінен;оқушылардың қызығушылығы мен мотивтерін ескеруден тұрады. Дидактика-методикалық компонент:жазуға қатысты ережелер секілді түрлі тіректерді қолдану;түрлі орфографиялық анықтығыштырды қолдану дағдыларын дамытуды қамтиды.Жазбаша сөйлесу дағдысын дамыту үшін тіл үйренушіге алдымен жазу техникасын меңгерту керек.Жазу техникасы:
-графиканы уйрету;
-каллиграфияны оқыту;
-орфографияны оқытудан басталады;
Графиканы оқыту барысында дыбыс пен әріптің сәйкестігін меңгерту және әр әріптің түрлі функционалдық вариантарының арасындағы байланысты орнату мақсаттары іске асырылып отырады.Бұл аталған мақсаттарға қарапайым деңгейде қол жеткізіледі.Оқушының оқитын тілі мен үйреніп жатқан тілінде кейбір әріптердің графикасының сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін.Мысалы,Аа дыбысының таңбасы қазақ тілінде де орыс тілінде де және ағылшын тілдерін де бірдей таңбаланады.Қарапайым деңгейде әліпбиді үйрету кезінде қазақтың ерекше дыбыстарының таңбасы мен дыбысталуын меңгерту әр сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.Жазу техникасын меңгерту барасында әр әріпті нақты және біркелкі жазып дағдыландыруға көп көңіл бөлінеді.Бас әріптің 7мм. Және кіші әріптің 3мм. Биіктігін сақтап жазу қажеттігі үнемі ескертіліп отыруы қажет.Жаңа әріпті таныстыру мазмұнмен сабақтастықта ұштастырылған. Жаңа әріп таныстырылған соң оны бекіту мақсатында бірнеше тапсырма ұсынылады.Алғашқы тапсырма- сюжетті суретке негізделген қысқаша диалогтар. Оқушы сөз бен суретті қатар қоя отырып диалогты оқыту барысында сөз бен затты,дыбыс пен таңбаны сәйкестендіреді. Әріптің графикасын меңгертуде әріптің қай бөлшегін алдымен жазу керек,қай бөлшегін кейін жазу керектігі мұқият көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларына әріптерді жазып уйрету қиын болғандықтан жазуды үйренудегі мынадай дағдыларды білуі керек. Олар: әуелі әріптерді, содан соң сөздер мен сөйлемдерді жаза білу дағдысы; сөз және сөйлемдердегі орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы; әр түрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі: · сөзді тыңдай білу; · сөзді айта білу; көру факторы; колдың саусақтарын дұрыс пайдалану. Жазылым әрекетінде оқушының көру, есту мүшелері (көз, құлақ), мен сөйлеу мүшелері (тіл) қатысады. Әріптерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, алдымен мұғалім әріптерді ауада, содан кейін тақтада жазып көрсетуі тиіс. Оқытушы әріптерді дәптерлерінде жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазылым әрекетін дамыту үшін бала уйде де әріптерді жазуға жаттығады. Баланың мектеп оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру - оның өміріндегі ең күрделі үдерістердің бірі. Өйткені бала мектептегі оқуға алғаш рет кіріскеннен бастап, оны бітіріп шыққанша оқып білім алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді. Бұл дағды үнемі үздіксіз жүйелі жүргізіліп отыратын жазба жұмыстарының түрлері арқылы іске асырылады. Білім берудегі 4 дағдының көздеген мақсаты әрбір тұлғаның жеке қабілеттерін ашып, өмірге бейім адамды қалыптастыру болса, сонын iшiнде жазылым дағдысының көтерер жүгі өте ауыр. Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын бiлдiру деңгейіне бағытталады. Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен жұмыс. Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі. Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру.Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшан болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады. Жазушының көп уақыты оқумен өтедi2; Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды; Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон) Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh) Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren) Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын:
1. Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз?
2.Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады.
Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады. Оқушылар жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды жаза алады: Шағын өлең жолдары;
Шағын әңгіме;
Ашықхат (құттықтау);
E-mail хаттар;
Диалогтер;
Қойылым сценарийлері;
Жарнамалар;
Газет-журналдарға мақалалар;
Пікірлер.
Оқиғаны аяқтау.
Эссе. Бұл жазба жұмыстарын 5 бағытта топтастыруға болады: еркін жазу, әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, дәлелдеу. Көбінесе оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны жазуға кеңес берген дұрыс. Жазба жұмысын бастамас бұрын әр мұғалім кейбір ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударса екен. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сабақ басында қарындаштарды жазуда сәттілік тілеп, сыйға тартсаңыз, шығармашылығын арттыруға тағы бір қадам жасар едік деп ойлаймын. Сондай-ақ, әр оқушының жеке артықшылығын құрметтеу; барлық оқушыға сенім артумен бірге, реалистік тұрғыдан артықшылығын біліп, қателіктерін қабылдай білуге, ары қарай өсуге итермелеу; жеткен жетістікті ретін тауып атап өту; жазуды күнделікті дағдыға айналдыру - осының бәрі мұғалімнің көрегендігінде. Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады. Олар: -шимай жазу; -сызбалар түсіру; -сөздерді құрастыру; -белгілеу; -көшіру; Тапсырмаларды осы бағытта құрған мұғалім еш қателеспейді. Оқушының жұмысына жазбаша бағаны қалай беру керек? Оқушы үшін сіздің жазған пікіріңіз маңызды. Ол дәптерін ашқан кезде, әуелі қателігін емес, соңында жазылған сіздің пікіріңізді оқиды. Пән мұғалімінің әдеттегі жазбалары мынадай: Жазуыңды түзе! Сауатсыз жазылған. Қателіктер өте көп. Барлық жерде ң әрпін тастап кеткенсің. Салмақты ой айтылмаған. Мұндай пікір баланың жанын жаралайтыны сөзсіз. Бұдан соң оның жазба жұмысын жазуға деген ниеті де қалмайды. Ол бірден дәптерді жауып тастайды. Оның орнына, мейлі жұмыс қателікке толы болсын, бір жақсы тұсын тауып алып, соған жақсы пікір білдіріп, оған ақылдасқандай кейіп танытсаңыз, оқушының сізге деген реніші болмайды. Қайта ол сол қателіктерді түзеуге кіріседі. Мәселен, Марат, жазуың моншақтай тізіліп тұр, менімен сырыңДЫ бөліскеніңе үлкен рахмет- дей келіп, қорытындыңа тағы бір ойлар қоссаң қайтеді, әлде көмек қажет емес пе? Деген сияқты сұрақтар қойып, пікір қалдыруға болады.Содан кейін жазба жұмысын тексергенде қызыл түсті қаламнан гөрі ,басқа түсті сиямен тексерген дұрыс,себебі, ғалымдардың пікірінше қызыл түс адамға кері әсер тигізетінін айтады.
Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігі анық.Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы арқылы жазылған мәтінді қайта өңдеп жазумен қатар,кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі макаланы окуды тапсырамын. Мақаланың iшiнен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздердi бiрiнiң астына бiрiн теріп жазғаннан соң, сол сездерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерiн пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады. Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы, Топтастыру, Т кестесі стратегиясы аркылы колдану тиімді деп есептеймін. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп, ойын түсіруіне оңай әдістің бірі. Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткiзу аркылы окушы бiлiм денгейін қадағалап, жаңа сабакты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы окушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады. Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИК СО, Талдау картасы тәсiлдерiн колдану тиiмдi деп ойлаймын. Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесi, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикакалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын колдануға болады деп есептеймін. Көбінесе орыс сыныбында тәлім алатын окушылардың бойында жаза алмаймын деген коркыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамнын қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына жазуға кеңес беруге болады. Жазба жұмысын тексермес бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аудару қажет. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте манызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде де бағаланады.
Жаңа әдіс-тәсiлдердi ендiрiп, дәстүрлі оқытуды ұмытпаған жөн. Әдетте, ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады, ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, тындау, сөйлеу. Тындау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста, бұл байланысты табу оңай. Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты. Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет