Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі: Жазылымның тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделгенін; лингвистикалык, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитынын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет екенін біз жақсы білеміз. Жалпы «жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Оның әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асатынын; бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалык, мағыналық қасиетке ие болатынын; жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысатынын; жазу үстіңде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болатынын; жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асатынын көптеген тілші-ғалымдар өз еңбектерінде қарастырды.
Курстық жұмыстың мақсаты:Оқушыларды сауатты жазуға,сөздерді дұрыс жазуға ,сөзбен сөздерді,сөз тіркестерін дұрыс байланыстыруды уйрету;
Курстық жұмыстың міндеттері: -Жазылым әрекеті туралы түсінік беру;
-Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін көрсету;
-Жазылым әрекетін қалыптастыратын тапсырмалардың оқулықта берілуін зерделеу;
-Жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері, тиімділігін көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1-ші тақырыпшада: Жазылым әрекеті туралы жалпы түсіндірме сөздіктерде берілген түсініктер мен ғалымдардың жылпылай жазылым әрекеті туралы тұжырымдамалары мен ой-пікірлері,ұсыныстары қарастырылады;
2-ші тақырыпшада:Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдарын үйретудің жолдары қарастырылады;
3-ші тақырыпшада:Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері қарастырылады;
4-ші тақырыпшада:Жазылым әрекетінің тиімділігі айқындалып,анықталып қарастырылады;