Курстық жұмыс Тақырыбы: Жазылым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі Мамандық шифры


I.ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет3/7
Дата26.12.2022
өлшемі76,49 Kb.
#59592
1   2   3   4   5   6   7
I.ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1Жазылым әрекеті туралы түсінік
Жазылым әрекеті туралы түсінік мыңдаған жылдар бойы адамзат үшін маңызды қызмет атқарып келеді.Көше бойымен жүріп өтсеңіз,айнала толы жарнама,жазбаша ақпараттар,мекеме атауы жазылған тақтайшалар.Кейбірінде тіпті қателерде кездеседі.Қателерге көзіміз үйреніп,байқамай өте беретін кездерімізде болады.Ақпарттар ағымы заманында жазбаша ақпарттардың алатын орны зор екенін білеміз.Ақпаратты сауатты жеткізе алу,идеяларды тізбектеп,жүйелі жазу ,тіпті қарапайым жарнама беру,құжаттарды дұрыс рәсімдеу секілді өмірдің барлық саласында жазбаша мәліметтермен жұмыс жасауға кездесеміз. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы жазылым адамзат үшін маңызды рөл атқарып келеді.Ал қазіргі таңда өзектілі одан сайын артуда.Папирус жазбалары,тастағы жазбалар ,саздан жасалған бұйымдардағы ежелгі жазылымнан компьютерге дейін сандаған ғасырлар бойы үздіксіз даму үстінде жүріп келеді.Қазіргі заманғы оқытуда 4 негізгі тілдік құзыреттілк бар ,соның бірі жазылым әрекеті.Жазылым ең күрделі әрекеті.Жазылым- тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.”Жазылым” термині “жазу” (жазудың түрлері, әріптің тек өзі т.б) деген мағынаны емес , “жаза білу”, “ойыңды басқа біреуге түсінікті болуы үшін, қағаз бетіне сауатты жеткізе білу” дегенді білдіреді. Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазылым арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп,екінші бір адамға , жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады,яғни адам ойын басқаға жеткізу жазуды үйренеді. Біз қараған ғалымдардың қалыптасқан пікірі бойынша жазылым үш бөліктен құралуы тиіс.Олар:
Себеп-салдарлық;
Аналитикалық-синтетикалық;
Орындалымдық;
Яғни жазылым әрекеті,біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді,алдымен оның себебі пайда болады.Екіншіден,аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады,сөздер бір-бірімен тіркеске түседі,сөздің қызметі мен орны белгіленеді.Үшіншіден,графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін құрастырылып, жазу орындалады.Жазылым процесінің өркениетпен байланысы туралы айтылған филология ғылымдарының докторы , тілші Құралай Күдеринованың пікірі ескеруге тұрарлықтай: “Біздіңше, өркениеттің дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдеқайда жүйелі,күрделі,дербес құрылым болып қалыптасқанын, жазудың,адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ”. [90:11]Және белігілі бір пікірлер бойынша , тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көпсалалы болады;
1)Қажеттіліктен пайда болатын себеп;
2)Себептің ойда ,санада бейнеленуі ;
3)Ойдың сөз арқылы тізбектелуі;
4)Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;
5)Жазудың екінші адамға түсінікті болып , берілген хабарды білдіруі.
Себеп-салдар, уәждік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп-салдарлар пайда болып,соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келетіні анық.Адам өмірінде кездесетін әр түрлі деректі , ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазығысы келеді; бірдеңені айтуды,жазуды қалайды,сол арқылы адамдар арасындағы қарым, қатынастың алғы шарттары іске аса бастайды.Екіншіде, жаңағы өмірде туған қажеттілік,яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді,ой туғызады.Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге,сөйлемге айналатындығын байқаймыз.Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап, сөздердің мағынасын ойластырады.Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалап арқылы тізбектеліп,белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп,жазуға айналатындығын байқаймыз.Және ол жазудың үлгісімен ғана емес ,білдіретін мазмұндық сипатымен де ерекшелетіндігі анық.Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен бірлесіп,белігілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.Жазылым жоғары деңгейдегі танымдық үдеріс болғандықтан дағды мен білімді қатар қажет етеді.Адам қаншалықты талантты бола берсін,бірақ жазылым көп ізденіс,еңбек пен қажырлылық,терең рефлекция арқылы жүзеге асады.Осы туралы «Жазып үйрену мен жүзудің арасында қандай ұқсастық бар?» деген сұраққа Лингвопсихолог Эрик Леннебергтің айтуынша,адам баласы жаратылысынан жүруге ,сөйлеуге бейім болып туылса,жазылым жүзу сияқты үйрету арқылы дамитын дағды.Біз жүзуді үйрену үшін су және үйретушіні қажет етеміз,сол секілді біреу үйреткен жағдайда жазуды үйренетініміз анық. Жазылымның лингвистикалык ерекшелігі эріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстык жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін камтиды.
Жазылымның психологиялык ерекшелігі — жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалык жағынан меңгеру жэне графикалык, орфографиялык дағдылар мен шеберлікті ұштау.Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді ,есте сақтауға жеңіл болуы тиіс.Ең бастысы ,берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуы керек.Жазылымның әдістемелік ерекшелігі — графика мен орфографияны, жазу чен жазбаша сөйлемді жетік білудін, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазгызу, окыту. Жазылымды тез әрі сауатты үйретудін ұгымды тәсілдерін пайдалану.Жазылымның физиологиялык ерекшелігі — жазу кезінде дене мүшелерінің кимыл-козғалысын дұрыс игеруді үйрету.Қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы,отырыстың пішіні т.б –барлық адамның физиологиялық түр-тұрпатының жазылымда алатын орны мен маңызы ,қызметі ескеріп отыруды қажет етеді.Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды,тілдің дыбыстық жүйесін,олардың жазылу ережесін,жазбаша сөйлеу үлгіретін қамтиды.Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
1)Графика.
2)Орфография.
3)Жазып алу.
4)Жазбаша сөйлеу.
Бұл салада үйретілетін басты мәселе- жазылымның графикасы болып есептеледі.Графика,яғни жазу таңбалары- жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.Әріптік таңбалар екі түрде жазылады:баспа түрінде және қолжазба түрінде.Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады.Қазақ тілі графикасының ерекшелігі –әріптер қалай жазылса ,солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг/қосарланған/дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де,бір әріп бір дыбысты көрсетеді.Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі қарастыратын тағы бір мәселеміз-орфография.Ол-белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза біілу ережесі болып табылады.Және орфографиялық білім екі саланы қамтиды;
1/жеке лексикалық единицаларды,сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;
2/грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті сөйлемдерді байланыстырып,дұрыс жаза білу.
Жазып алу немесе қысқаша жазу- жеке сөздерді , сөз тіркесін,бір-бірімен мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу.Сол сияқты қысқаша тезистер,жоспарлар,қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуды да осыған жатқызамыз.
Жазбаша сөйлесім – лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылысты айтамыз.Жазбаша сөйлесім дегеніміз- оқушының айтқысы келген ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі,көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп ,жеткізуі.Мәселен,тілді үйренуге қатысты жазбалардың қатарына хат жазу,пікір жазу,түсініктеме,қатынас қағаз,реферат т.б жазу жатад Қазақ тілін сауатты үйрету үшін,оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы өте зор.Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:
1)Жазбаша жаттығулар.
2)Қысқа мәтіндер.
3)Жүйелі жазба жұмыстары
4)Жазбаша бақылау жұмыстары.
5)Диктанттың түрлері.
6)Жазба ойындар.
7)Іс-қағаздардың үлгілері
Жазылымның өзгешілігі: бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрініуі мүмкін.Өйткені-тіл үйренуші азды-көпті білгенін қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды.Жазылымның қиындығы да осында :жазу үстінде адам ойын тиянақты,жүйелі,бас-аяғын түгендеп;басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп;екінші адамға ыңғайлап жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет