Курстық жұмыс Тақырыбы: Жазылым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі Мамандық шифры


Жазылым әрекетін қалыптастыратын тапсырмалардың оқулықта берілуі



бет5/7
Дата26.12.2022
өлшемі76,49 Kb.
#59592
1   2   3   4   5   6   7
1.3 Жазылым әрекетін қалыптастыратын тапсырмалардың оқулықта берілуі.
Жазу техникасын меңгерту барысында әр әріпті нақты және біркелкі жазып дағдыландыруға көп көңіл бөлінеді.Бас әріптің (7мм.) және кіші әріптің (3мм.) биіктігін сақтап жазу қажеттігі үнемі ескеріліп отырады.Жаңадан таныстырылатын ботқа, қалам сөздері кездейсоқ алынбаған.Жаңа әріпті таныстыру мазмұнмен сабақтастықта ұшырастырылған.Жаңа әріп таныстырылған соң, оны бекіту мақсатында бірнеше тапсырма ұсынылады. Алғашқы тапсырма сюжетті суретке негiзделген қысқа диалогтер. Оқушы сөз бен суретті қатар қоя отырып диалгогті оқушы сөз (саябақ,терек, жапырақ деген сөз) бен затты (саябақ,терек, жапырақ суреттері), дыбыс пен таңбаны сәйкестендіреді.Қыска диалогті оқып танысқан соң, Ққ әрпін жазу дәптеріндегі үлгі бойынша таза, әдемі етіп жазу тапсырмасы беріледі. Төмендегі суретте көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушылары әр әріпті жекеше жазып уйренулері қажет.

Әріптің графикасын меңгертуде әріптің қай бөлшегін алдымен жазу керек, қай бөлшегін кейін жазу керектігі мұқият көрсетілуі қажет. Осындай мақсатта: ауада әріптерді жаз, әр әріпті бір жолға жаз,жазу үлгісі бойынша жазылған немесе басқа қарпімен жазылған мәтінді көшіріп жаз, әріптердің тіркесін көшіріп жаз, сөзді жаз,сөйлемді үлгі бойынша көшіріп жаз деген тапсырмалар орындалады.Келесі, екінші тапсырма оқулықтан орындалады.Ол сөйлемді көшіріп жазу әдісі бойынша орындауға негізделгелген.
Үшінші тапсырма. Бос орындарға құрамында Ққ әрпі кездесетін жаңадан өткен және бұған дейін таныс болған сөздерді жазып, бір жағынан жазуға жаттығады,екінші жағынан сөздердің фонетикалық бейнесі мен графикалық портретін сәйкестендіреді.
1-тапсырма.Жазылым.
Күз келді.Мынау-күзгі саябақ.Саябақта терек өсіп тұр.Ағаштардың жапырақтары түрлі түсті.Олар сары,жасыл,қызыл түсті.Жел соқты.Жапырақтар жерге түсті.Күзге саябақ әдемі.
Графика каллиграфиямен тығыз байланыста меңгертіледі.Оқушылардың жазу каллиграфиясы білім берудің бастауыш сатысында қалыптасқандықтан, оқушыны көркем әрі анық жазу мәнеріне баулуға, сөздердің арақашықтығын сақтап жазуға және шапшаң жазуға дағдыландыруда түрлі тапсырмалар орындалады.Ғалымдардың пікірі бойынша жазу техникасын меңгертуде орфографияны оқыту бІршама қиындық тудырады.Барлық тілдің орфографиялық жүйесі үш ұстанымға негізделеді:
•фонетикалық(әріптің дыбысқа сәйкес келуі);
•грамматикалық(морфологиялық), жазу белгілі бір әріпке қатысты кететін фонетикалық ауытқуларға тәуелсіз, грамматикалық заңдылықтарға байланысты жүргізіледі;
•тарихи(дәстүрлі)
Көрсетілгендердің ішінде фонетикалық және грамматикалық ұстанымдар жетекші ұстанымдар болып табылады.Ал тарихи ұстанымдар әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады.Қазақ тілін деңгейлік меңгертуде орфографияны оқытуда көптеген жұмыс түрлері қолданылады;
1)Бос орындарға қажетті әріптерді не сөздерді қойып толықтыру тапсырмасы;
2)Әріптердің орынан ауыстырып сөз жазу, артық әріптерді сызу, санды сөзбен жазу,үлгіге қарап жазу және т.б тапсыралары;
3)Диаграмманы толтыру және шапшаң жазуға дағдыландыратын тапсырмалар;
4)Фонетикалық және грамматикалық дағдаларды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар.
Тапсырмаларды саралай келе,Ж,Дәулетбекованың 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығын мысалға алға аламыз.Мәселен,1-бөлімнің 1-2 сабақтарына арнап жасалған 11-тапсырмаға тоқталар болсақ;
Сөздердегі түсіп қалған әріптердің қандай дыбысты таңбалайтынын түсіндір.Орнына қойып жаз.
Қолдан...лады, қарым-қат...нас, жетк...зеді, күй...ніші, қыз...еті,көз...арас, ...дайы,жақсы ...өру.
13-тапсырма: Төменде көрсетілген кестеге «Қос жазба» күнделігіне алдыңғы мәтіннен жуан буынды сөздер мен жіңішке буынды сөздерді теріп алып,қосымшалардың жазылу сипатына түсініктеме жаз.

Сөздер

Түсініктеме

Тілді




























14-тапсырма.Жазылым. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаз.


Бас бармақ-басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек-бірлесу.Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім.
Ортан терек-ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық.Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы.Мен өзімді сабақта қалай сезіндім.
3-4 сабақтардың 4-тапсырмасына тоқталар болсақ:Қоржындағы сөздерді қатыстырып ,екі сөйлем құра.Қоржындағы сөздер:монолог,адам,белгілі бір,тақырып,өз ойын,сөйлеп,дегеніміз,толық, жеткізуі.
диалог,жағдаят,екі адам,белгілі бір,дегеніміз,кезектесе,сөйлесу,түрі.
Одан кейінгі 5-тапсырмасына тоқталар болсақ:Сөйлемдердегі басы артық және қате қолданылып тұрған сөздерді тауып,өзің дұрыстап жазып шық.
1.Сөз сүйектен,бастан өтеді,таяқ еттен өтеді.
2.Сөз қуған дүниеге жолығады.
3.Өлең-сөздің ханшайымы,сөз сарасы.
4.Тіл қаруы-сөз,сөз қаруы-сезім.
5-6 сабақтардың 9-тапсырмасынада жекелей тоқталуды жөн көрдік:Тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай төмендегі кестеге тізіп көрсетіңіз.
Абыройлы бол!Мерейің үстем болсын!Асың дәмді болсын!Еңбегің жемісті болсын!Ержет!Қолың дерт көрмесін!Сапарың сәтті болсын!Қазаның оттан түспесін!Қадамың құтты болсын!Ата-анаңның көз қуанышы бол!Жорытқанда жолың болсын,жолдасың қыдыр болсын!Өмір жасың ұзақ болсын!Қадамыңа гүл бітсін!Жол азабынан сақтасын!


Сөйлеу жағдаятының түрлері

Тілек сөздер

Мектепке барғанда




Дастарқан басында




Туған күнде




Жолға шыққанда



8-тапсырма. Қоштасу сөздерін белгілі бір жағдайда (үлкен-кіші, ер-әйел,құрбылар) қолданылатынын дәлелдейтін сөйлемдер құра.


1.Ал жақсы,әзірше,әзірге. 2. Көріскенше! Көріскенше күн жақсы! З. Сәт сапар! Сапарыңыз сәтті болсын! 4.Аман барып, сау қайтыңыз! 5.Қош, қош-қош, қайыр қош.6. Ақ жол, амандық болсын! 7. Жол болсын!
11-тапсырма.Төмендегі тыйым сөздер сөйлеудің қай түріне(ауызша ма,жазбаша ма)қатысты екенін дәлелдеп айт.Тыйым сөздердің мағынасына сай суреттер сал.
1.Көп сөйлеме.2.Сөйлеп тұрғанда есінеме.3.Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.4.Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.5.Дауысыңды тым бәсеңдетпе,тым екпіндеп те кетпе.

Есінеп сөйлеп тұрған бала

Аузына тамақ салып сөйлеп тұрған бала

Қолын сермеп сөйлеп тұрған бала

13-тапсырма: Керекті сөздер мен тіркестерін тауып,орнына қой.Айтылған ойдың мәнін түсіндір.
1. ... қарап кісіні ал,кісіге қарап ... алма. (Абай)
2.Тіл қаруы - ... , сөз қаруы - ... .
3.Ақылды ой, ... сөз адамның ең жоғарғы ... . (Ғ.Мұстафин)
4.Бұл дәуірде өз тілін,әдебиетін білмеген,қадірлемеген ... толық мәнді интеллегент емес деуге болады. (М.Әуезов)
5.Өз тіліңді... ... тұрып, ... сүйе алмайсың.(К.Паустовский)
6.Тіл – адам ойының ... .
7.Аңдамай сөйлеген ... ... .
8. Ойнап сөйлесең де, ... ... .
Керекті сөздер:қадір тұтпай,ел-жұртыңды,құлақ, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы, жанды, сөз, ой, алғыр, қасиетті,сөзіне,сөз.
Жоғарыда айтылған жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушылардың білім сапасы жоғарылады,қазақ тілін үйренуге деген талпыныстары күшейді,жазба жұмысын сауатты жазуға деген сенімділік пайда болады.Осылайша оқушылардың сапалы білім алуына, сауаттылығын арттыруға , олардың өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып,өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып, оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу кез-келген ұстаздың міндеті деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет