ІІІ. Практикалық бөлім: Алгоритмді тілін оқыту әдістемесін сабақтарда қолдану
3.1 Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері» ............................................................................................................28
3.2 Сабақ тақырыбы: Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері....................................................................................................................35
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................41
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты программалау тілдері үнемі жаңарып, өзгеріп отырады. Ал соның ішінде Турбо Паскаль программалау тілі - оқып үйренушіге өте жеңіл әрі түсінікті. Паскаль тілі программалауды үйретумен қатар, басқа прогрммалау тілдеріне кіріспе болып та табылады. Турбо Паскаль тілінің сызықты графикалық мүмкіндіктеріде бар. Программалау оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілеті мен ақыл-ойын дамытудың маңызды құралы болып табылады. Турбо Паскль прогрммалау тілі қазіргі кезде жоғары оқу орындарымен мектептерде кеңінен оқытылуда. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану, есептің қойылымына сәйкес математикалық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қарастырады.
Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
Сабақтың мазмұны;
Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
оқыту;
жаттықтыру;
бекіту;
қайталау;
дамыту;
шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
диктант;
өзіндік және бақылау жұмыстары;
тестік тапсырмалар;
әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.