2.5 Алгоритмдерді Паскаль программалау тілінде әзірлеу
Алгоритмдерді программалау тілінде әзірлеу программа деп аталады. Алгоритмдерді көрсетудің бүл программасы орындаушы компьютер болған жағдайда пайдаланылады. Тіл операторлары дегеніміз - компьютерге әрекеттерді орындауды ұйғаратын алгоритм командасы.
Программалаудың тілдері көптеп саналады. Паскаль тілі - IBM PC дербес компьютерлері үшін программалаудың ең үздік оқу тілдерінің бірі. Басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты Паскальдың да өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы бар. Алфавит - пайдаланылатын түрлі символдар: эріптер, цифрлар, таңбалар жэне белгілер. Синтаксис - машинаның іс-әрекетін анықтайтын нұсқауларды (команда, оператор), функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері.
Паскалъ тілінің алфаеитінің символдары:
1. Латын алфавитінің бас жэне кіші әріптері;
2. Араб цифрлары;
3. Өрнектаңбалары:+,-,*,/.
4. Қатынас таңбалары: =, < >, <, >, < =, >=7
5. Арнайы символдар: :,;,",(,),?,!,#, т.б.
Паскалъ тілініңжай және күрделі типтері бар. Олар:
A) Жай типтер: скалярлық және шектеулі. Скалярлық типтер: бүтін (integer), нақты (real), символдық (char), логикалық (boolean).
Б) Күрделі типтер: жиым (array), жол (string), жазу (record), файл, жиын.
B) Сілтеме.
Паскалъ тілінің операторларына:
1) := - меншіктеу;
2) read, readln - енгізу;
3) write, writeln - шығару, т.б. жатады.
Программаның цүрылымы:
Program <Атау>; - программа тақырыбы деп аталады.
Таңбалар бөлімі (Label);
Тұрақтылар бөлімі (Const);
Типтер бөлімі (Type);
Айнымалылар бөлімі (Var);
Процедуралар жэне функциялар (Procedure, Function);
Басы (begin)
{ Операторлар бөлімі}
Соңы (end). Сызықтық программалау:
Program esep;
Var a,b,S,R,K:integer;
Gr, Snreal;
Begin K:=l; S:=0;
Writeln('a,b-ны енгіз:');
Readln(a,b);
S:=a+b; R:=a-b; K:=a*b; Sr:=S/2; Gr:=sqrt(K);
Writeln ('Қосынды=', S, 'Айырма=', R, 'Көбейтінді=', К);
End.
Достарыңызбен бөлісу: |