Курстық жұмыс Тақырыбы: «Өсімдіктер организіміндегі фитогормондар, оның қолданылуы және маңызы»



бет6/11
Дата10.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#42155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2.3 Абсциз қышқылы
Абсциз қышқылы 1965 жылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынды. Бұл зат гормондық ингибиторлық әсер етеді. Қосымша 7-ден оның сақиналардан, радикал-топтардан және бастысы сірке қышқылы қалдығы СООН-тан тұратыны белгілі.Фитогармондар өсу процесін реттейтін негізгі заттар болып табылады. Ал витаминдер тікелей өсу процесіне қатыспастан, фитогармондармен бірге жанама әсер етеді, олардың әсерін толықтырады. Фитогормондар өсімдіктердің түрлі мүшелерінде синтезделіп, өсу нүктелеріне жетеді. Мұнда олар жасушалардың бөліну, созылу, дифференциациялану кезеңдеріне ықпал етеді. Фитогормондар жекелей емес, қосыла әсер етеді.Өсімдіктің жасына, күйіне, даму кезеңіне, сыртқы жағдайлардың әсеріне қарай өсімдікте гормондардың құрамы, кейбіреулерінің басымдылығы өзгеріп отырады. Белгілі бір гармонның басымдығы оның әсерін күшейтеді. Сондықтан, өсімдіктердің фитогормон әсерін қайтарған реакция олардың сортына, жасына, даму кезеңіне, сыртқы орта факторлары – су, жарық, қоректік заттардың блуына байланысты.Гормонның әсер етуінен екі кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде гормон жасуша мембранасының бетіне орналасқан арнаулы рецепторлармен әрекеттеседі. Екінші кезеңде рецептор мен гормон комплекісінің әрекетінен туған биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістер байқалады. Абсциз да фитогормон ретінде жоғарыдағыдай қасиеттерге ие.

Қосымша 7. Абсциз қышқылы
Абсциз қышқылы (АБҚ) өсімдіктің клеткалары мен ұлпаларында жан-жақты қызмет атқарады. АБҚ микромолярлы концентрациясында лептесікті жаба алады. Бұл фитогормон өсімдіктердің басым көпшілік түрлерінің дәндерінің өне бастауына түрткі болады. Дегенмен, бұл қышқыл адаптация немесе бейімделу деген атпен кеңінен белгілі. Яғни, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тап болған кезде ең алдымен осы фитогормонның синтезі күрт күшейеді. Қосымша 8-де ұнтақ абсциз қышқылының үлгісі көрсетілген. Оны біз қазіргі кезде жаңадан отырғызылған өсімдіктерді баптауда және қолайсыз климат жағдайларында өсімдіктің жағдайын жақсартуға қолданамыз.

Қосымша 8. Ұнтақ абсциз қышқылы
Адаптацияның негізгі фитогормоны – абсциз қышқылы (АБҚ) биосинтезінде молибдофермент альдегидоксидаза қатысатындығы белгілі болды. Сол себепті осы фермент тұзды стресс жағдайларына бейімделуде маңызды рөлдердің бірін атқарады. Стресті жағдайларда өсімдіктерде оттегінің активті формалары түрленеді. Оттегінің белсенді формаларының мөлшерін бақылап отыру және жасушаларды қорғап тұру үшін өсімдіктер бірнеше төмен молекулалы антиоксиданттар мен ферменттерден тұрады. Тұздың әсеріне өсімдіктің реакциясының келесі деңгейі липидтер мен ақуыздардың асқын тотықты немесе бос-радикалды тотығуы болып табылады. Өсімдік АО - ферменті субстратты ауқымы кең, өсімдік фитогормоны, абсциз қышқылының соңғы сатысын катализдеуші фермент.
Альдегид оксидаза ферменті жоғары сатылы өсімдіктерде абсциз альдегидті абсциз қышқылына айналдыратын молибдофермен. Берілген өсімдіктердің тұзды және басқа да абиотикалық стрестерге төзімділігі олардың физиологиялық және генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Стрестер тудырған гормондық тұрақтылықтың өзгеруі өсімдіктің стреске төзімділік деңгейіне тікелей байланысты. АО - ферментінің тұзды стресте өсімдік ұлпасында артуы өсімдік ұлпасындағы абсциз қышқылының артуымен тікелей байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет