Курстық жұмыс Тақырыбы: «Өсімдіктер организіміндегі фитогормондар, оның қолданылуы және маңызы»



бет9/11
Дата10.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#42155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Демеуова Алма өсімдіктер физиологиясы курсовой

2.2.6 Брассиностероид
Brassinolide латын атауларынан алынған, өсімдік гормондарының класындағы brassinosteroids-тың бірінші өкілі,тобы Brassica napus L. - brassinolide болатын кристалдық зат. 1979 жылы американдық ғалымдармен аталып, тозаңдардан жиналған.Ол Өсімдіктердегі этиленнің бастапқы шикізаты болыпьтабылады. Брассиностероидтаминоциклопропанкарбоксилатоксидаза ферменті арқылы этиленге айналады. Бұл фитогормон қартаю процесінің басталуына қатысады. Қартаю кезінде жапырақ материалдарының ыдырауы басталады. Өсімдіктерге саңырауқұлақ жұққанда немесе жануарлар жеген кезде жарақаттанса этилен қорғаныс рекцияларына да қатысады. Мысалы, антилопалар акация жегенде этилен танниндердің синтезін бастайды. Брассиндер жасупіалардың созылуын да, бөлінуін де жеделдете алады. Олармен өсшдіктерді өңдегенде сабақтың буын аралығының қарқынды ұзарғаны байқалады және де басқа мүшелерінің көлемі артады. Кейбір өсімдік объектілерінде брассиндер ауксиндерге, гиббереллиндерге ұқсас өсу әсерін шақыра алады, бірақ олардың әрекетінде толық ұқсатық бар деу қиын. Бірнеше зерттеулерде брассиндер қолданған ауксиннің немесе гиббереллиннің әсерін күшейте түскен, яғни бірлесіп әреттескен. Соған қарамастан олардың өсімдіктің өсуіндегі және дамуындағы реттеуші физиологиялық рөлі толық анықталынған жоқ. Брассиндердің басым мөлшері тозаңда болатынын ескеріп, тозаңдану кезіңде ол тұқым бүршігіне түсіп тұқымның құрылуында белгілі бір рөл атқарады деген болжам айтуға болады. Ал олардың басқа мүшелердің өсу үдерісіне қатысуы мүмкін бе деген сұрақ әзірше ашық қалады және әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Брассиностероидтар өсімдіктің дамуын реттейді. Олар сабақтың өсуін, жапырақтардың оралуын және ксилеманың дифференциясын бақылайды. Олар тамырдың өсуін және антоцианның түзілуін баяулатады. Кейбір фитогормондардың табиғаты полипептидтер болып келеді. Бірақ, олардың түрлері әзірше бірнеше ғана болып отыр. Көптеген өсімдіктер жәндіктердің шабуылына жауап ретінде протеиназалардың ингибиторларын синтездеп, жинақтай бастайды. Жәндіктер үшін олар у, себебі жәндіктердің ас қорыту жүйесі белоктарды қорыта алмай қалады. Мысалы, помидорда 18 амин қышқылынан тұратын системин деген полипептид синтезделеді. Суспензиядағы клеткалардың пролиферациясын күшейтетін екі кіші полипептид бар, оларды фитосульфокиндер деп атайды. Олардың әрқайсысында гидроксил топтары сульфатпен күрделі эфир құрайтын екі тирозин қалдықтары болады:
Тyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr-Gln және Tyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr
Брассиностероид – күшті белсенділігі бар стресстік адаптоген. 
Адаптогендер - фармакологиялық топтар. Брассиностероидтар бір-бірімен құрылымы мен биологиялық белсенділігі деңгейінде ерекшеленетін бірқатар өкілдерге бөлінеді.
Қазіргі уақытта белгілі брассиностероид гормондарының молекулалары әр түрлі болуы мүмкін екені белгілі. (Қосымша 16) Олардың құрылымдық формулалары: а)лактон, кетон туындылары; б) көміртек атомдарының саны 28C немесе - 29С болатын туындылар; в) лактонның дезокси туындылары. Осындай үш қосылыстар ұсынылды, ал екі ірі топқа қалыптастырылған 6-кето туындылары сияқты стероидты қаңқа және бүйірлік тізбекті туындылары тек олардың жиынтығы үшін қарастырылған.

Қосымша 16. Брассиностероид
Стероидтардың фитогормондармен қосылған класы, әсіресе брассиностероидтар қолайсыз жағдайларда, мысалы, төмен температурада, аяз, су тасқыны, құрғақшылық, ауру, пестицидтер, топырақтың тұздану, және басқа да жағдайлар кезінде өсімдіктің иммундық жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олардың өсімдіктің күшті өсуіне жәрдемдесу белсенділігі бар. Брассиностероидтарды биосинтездейтін ферменттердің концентрациясы жас өсімдік ұлпаларында ең жоғары болып табылады: тозаң, дамушы көшеттер, меристема.
Ерте кезеңдерде брассиностероидтың әсері мен іс-қимыл тетігін анықтау және оны түсіну үшін оны одан әрі егжей-тегжейлі зерттеуді қажет еткен. 
Өсімдіктерде брассиностероидтар нормативтік рөл атқарып, өсуді ынталандырып , фотосинтез, ақуыз алмасу,иондар тасымалы және басқа да көптеген метаболизмдік процесс қарқындылығын арттырады.
(Және т.б. жоғары және төмен температура, құрғақшылық, тұздану,) Қазіргі кезде биотикалық факторларға, стресске қарсы брассиностероидтарды пайдаланады. (Қосымша 17)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет