Курстық жұмыс Тақырыбы: «Өсімдіктер организіміндегі фитогормондар, оның қолданылуы және маңызы»



бет7/11
Дата10.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#42155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2.4Этилен
Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды. Қосымша 10- суретте көрсетілгендей ол қос байланыспен байланысқан қанықпаған екі көміртегі атомдарынан және 4 сутегі атомдарынан құралған зат.


Қосымша 10. Этилен
Өсімдіктердегі этиленнің бастапқы шикізаты S-аденозилметионин болып табылады. Ол аминоциклопропанкарбоксилатоксидаза ферменті арқылы этиленге айналады. Бұл фитогормон қартаю процесінің басталуына қатысады. Қартаю кезінде жапырақ материалдарының ыдырауы басталады. Өсімдіктерге саңырауқұлақ жұққанда немесе жануарлар жеген кезде жарақаттанса этилен қорғаныс рекцияларына да қатысады. Мысалы, антилопалар акация жегенде этилен танниндердің синтезін бастайды.
Этилен аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің жасушаларында түзіледі. Ол қарапайым органикалық зат болса да, гормондық әсері күшті. Әдеттегі температурада ол өсімдік организімінде газ түрінде кездеседі, сондықтан этилен Қосымша 12-дегі секілді оңай диффузияланып, өсімдіктердің мембраналарына еніп, рецепторларымен байланысып, түрлі мүшелеріне жетеді, ал артық мөлшері сыртқы ортаға шығарылады. Өсімдіктерге сырттан енген этилен де әсер етеді. Гармон ретінде этилен өсімдіктердің өсу процесін, жасушалардың дифференциациясын, өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріне жауап реакцияларын қалыптастырады. Пісіп келе жатқан жемістерден де едәуір мөлшерде этилен бөліп шығады. Этиленді енгізу жетілмеген жеміс тердің пісуін тездетеді. Сонымен қатар, этилен дәндердің өнуін, жапырақтардың қартайып, түсіп қалуын жылдамдатады. Әр түрлі өсімдіктердің мүшелерінің жасына қарай, этилен түзілуіде түрліше жүреді. Вегетативтік мүшелердің меристемаларында, жемістерде этилен барынша көп түзіледі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер этиленді метионин амин қышқылынан түзеді. Этиленнің артық мөлшері тотығуға ұшырайды немесе глюкозамен қосылады. Қазіргі көзқарастар бойынша барлық фитогармондардың әсері этилен арқылы, оны артыру және активтендіру нәтижесінде жүзеге асады.

Қосымша 12. Этиленнің жасуша мембранасына өтіп, рецепторлармен байланыс жасауы
Əдетте, жетілген өсімдіктер фитогормондардың əсеріне сезімтал емес келеді. Кренкенің жаңартылған қисығындағы кері бағыттауыштар фитогормондардың экзогенді əсерінен болатын онтогенездің негізгі кезеңдерінің жас жəне қартайған клеткалардың тепе-теңдік арақатынасы зонасынан тыс, яғни 3-кезеңнен кейін немесе оған дейін жүретінін көрсетеді. Əсер етуші концентрациялардың интервалды жəне динамикасы бойынша фитогормондар улар мен тіршілікке қажетті минералдық элементтердің жотасынан орын алады. Поливаленттілік немесе гормоналдық жауаптың көптүрлілігі ̶ бірнеше реакциялардың бір мезгілде бір фитогормонмен индукциялануы. Бұл қасиеттер ұлпалық ерекшелікке, өсімдіктердің даму жəне метаболиттік белсенділігіне (мүше, ұлпа, клетка) жəне сыртқы ортаның бірқатар жағдайларына тəуелді болады. Мысалы, цитокинин клетканың бөлінуімен қатар тыныс алу саңылауының ашылуын қамтамасыз етеді. Этилен жемістердің пісуін, сонымен қатар гипоксия кезінде (мысалы, өсімдіктерді су басқан кезде) тамыр өзегі аэренхимасының (ауалы кеңістік) қалыптасуын жеделдетеді. Кооперативтік, яғни синергизм жəне антогонизм - гормондардың оң жəне теріс əсер етуші қасиеттері. Синергетиктер болып индолилсірке қышқылы жəне гиббереллиндер, цитокининдер, ал этилен - антогонистер. Индолилсірке қышқылы (ИСҚ) мен гиббереллиндер (түйнек пен бадананың өсуі), абциз қышқылы (АБҚ) мен этилен (жапырақтың түсуі), ИСҚ мен цитокинин (апикалды басымдылық), ИСҚ мен фенолдар тежегіштер (клетканың ұзарып өсуі), АБҚ мен гиббериллиндер (сабақтың өсуі), АБҚ мен цитокининдер (тұқымжарнақтың өсуі) көп жағдайда бір-біріне антогонистік түрде əсер етеді.
Этилен өсімдіктерде патогенді зиянкестерге қарсы төзімділік пайда болар кезде өзара əрекеттеседі. АБҚ өсуді тежейді де, өсімдіктің тыныштық күйге көшуін қамтамасыз етеді. Антогонизм, керісінше, процеске қатысушы гормондардың əсерін əлсіретеді. Бір үйлі өсімдіктер гүліндегі жынысты реттеуші ГҚ жəне этилен, экзогенезге тікелей қатысы бар ИСҚ этиоляция мен жапырақтың жасыл түске боялуын реттеуші ГҚ мен цитокининдер, дəн өскен кездегі ГҚ мен АБҚ антогонистерге мысал бола алады.
Этиленнен тұрмыс пен техникаға аса қажетті полиэтилен, этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан, т.б. заттар алынады. Полиэтилен — диэлектрик, сондықтан оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады. Су мен газды өткізбейтін болғандықтан, полиэтилен тағамдық, өнімдер мен әр түрлі бұйымдарды орап сақтауға және үлпек қабыршықтар мен құбырлар жасауда қолданылады. Сонымен қатар жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына кеңінен пайдаланылады.Этил спирті медицинада, тамақ, химия өнеркәсіптерінде кеңінен пайдаланылатын зат. Одан көксағыз (каучук), резеңке, т.б. заттар алынады. Этилен қатарындағы көмірсутектер химиялық активтігі жоғары болғандықтан, көптеген органикалық заттар синтезі үшін бағалы шикізат болып табылады, сондықтан олар жанармай ретінде қолданылмайды. Органикалық заттар алуға әсіресе этилен кеңінен пайдалынады.Дихлорэтан – нашар тұтанатын, ұшқыш сұйықтық. Көптеген органикалық заттар жақсы еритін болғандықтан, ол нымды(смоланы) еріту үшін, тоқыма материадарын тазарту т.б. үшін қолданылады.
Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауылшаруашылық өнімдерін шала піскен күйінде жинап алып, жабық қойма ауасына этилен жібереді. Осылай алынған өнімдер сақтағанда бұзылмайды. Әсіресе, Қосымша 11-де көрсетілгендей сұйық этилен шаруашылықта сұранысқа ие болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет