Байланысты: Демеуова Алма өсімдіктер физиологиясы курсовой
2.2.2 Гибереллиндер Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары Қосымша 4-тегідей өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.
Қосымша 4. Гибберелл қышқылы
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Гиббереллин құрылысы ұқсас әртүрлі қосылыстардың қоспасы және олар өсімдіктің өздерінде синтезделетін фитогормондар болып шықты. Индол сірке қышқылы секілді гиббереллиндер буындары арқылы сабақтың ұзаруын тездетеді. Дегенмен олардың басты қызметі – гүлденуді бастау және оны реттеу. Қосымша 5-тен көрініп тұрғандай ол бақша өсіруде, әртүрле жылыжайларда, өсімдіктерді клональды көбейтуде қолданылады. Сонымен қатар, олар жемістердің қалыптасуын алдын алады, олардың жетілуін реттейді. Гиббереллиндер дәндердің тыныштық қалпын бұзып, дәндердің өну процестеріне түрткі болады. Ұзақ күндік өсімдіктердің жапырақтарында пайда болатын гиббереллин вегетативтік бүршіктерге ауысып, гүлсидамның қалыптасуын тездетеді. Өсімдіктерде тітіркенудің тез тарауы электрлік қоздырғыштардың көмегімен жүзеге асады. Жоғарыда келтірілген мағлүматтардың өзі-ақ тітіркенгіштік тетігіндегі негізгі қозғағыш күш — электрофизиологиялық процестер екендігін дәлелдейді. Хайуанаттар клеткасы сияқты, өсімдік клеткалары да электрлік өріс түзіп, тарата алады. Клеткаларда өріс белгілі уақыт ішінде жеткілікті күші бар тітіркенудің әсерінен пайда болады. Ол мембраналардағы иондық ағындарды өзгертіп, мембарана потенциялын тез біраз шамаға өзгертеді.
Гиббереллиндер жеке немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады. Гиббереллиндердің әсерінен тыныс алу қарқындылығы артады. Өсімдіктердегі көмірсулардың алмасуы өзгеріп, целлюлозаның синтезі күшейеді. Гиббереллиндердің әсерінен крахмалдың ыдырауы ферменттердің пайда болып босауын реттейді.
Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні. Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады.
1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гиббереллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазқіргі кезде гиббереллиннің 30-ға жуық түрі белгілі.
Гиббереллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гиббереллинге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гиббереллиннің 2-3 түрі кездеседі. Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гиббереллиннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін. Гиббереллин өркендер мен тамырдың ұштарында, жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден фломаны бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогармон жасушаның бөліну және созылу кезкеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағада ол жасуша қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гиббереллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердің негізгі өркендерінің күшті өсуіне себепші болады. Гиббереллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өсуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді. Қосымша 6 секілді ұнтақ гиббереллиндер қазіргі кезде ағаштар мен өсімдіктер отырғызуда кеңінен қолданыс табуда.
Қосымша 5. Гиббереллин
Қосымша 6. Ұнтақ күйіндегі гиббереллин
Гибереллиннің жемістердің өсу қарқыны мен әсерін төмендегі суреттен көруге болады. Ең бірінші тұрған жүзім ол бақылауға арналған жүзім түрлері, яғни оларға тек су құйылған. Келесі жүзімдерге сәйкесінше 20, 80 және 100 г/мл гибереллин қосылған. Суреттен тек су құйылып өсірілген жүзімнен гөрі гибереллин қосылған жүзімдердің жемісінің көбірек екенін көреміз. Демек, гибереллин жемістердің өсуін жеделдетіп, олардың қарқынды пісуіне ықпал етеді. Дегенмен, 100 г/мл гибереллин қосылған жүзімнің жемісі аздау, демек, артық мөлшері жемістің өсуіне теріс әсер етеді деген қорытындыға келеміз.
Қосымша 7. Гиббереллиннің жүзімдердің өсуіне әсері