2.1 Лексика-семантикалық тәсілдің түрлері «Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады, тілде жаңа мағынасында қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болатындықтан, бұл тәсіл лексика- семантикалық тәсіл деп аталған. Бұл сөзжасамдық тәсіл көне заманнан бері қарай қызмет етіп келеді» [2, 207]. Тіліміздегі ақ деген сөз түсті білдіретін сын есім екені белгілі: ақ орамал, ақ көйлек сияқты қолданыстар әбден таныс. Осы ақ сөзінің тілде басқа да толып толып жатқан мағынасы бар: «Ақ І - адал, таза мағынасын береді.
Ақ ІІ - мал сүтінен дайындаған тамақ, сусын.
Ақ ІІІ - шын, тура,ақиқат» [7, 31].
Түс мағынасындағы ақ бұл сөздің негізгі мағынасы, ақ тілде негізгі мағынасында да қазір қолданыста. Ал осы сөзде кейін басқа мағыналарды қосып алғаны мысалдардан көрінеді. Олар: «адал», «тағам аты», «ақиқат, шындық» деген мағыналар. Міне, бұл мағыналар тілдегі түрлі қолданыста қалыптасқан. Әр мағынасында олар бір- бірімен омоним жасаған. Осы сияқты тілдегі қолданыста басқа мағыналарды қосып алып, тағы бір сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер өте көп. Жүзі түтігіп, қанын ішіне тартып, тістеніп тұр екен. Шуақбай жүз қаралы қойды өріске айдап барады екен. Осы екі мағынада ол- екі сөз. Лексика- семантикалық тәсіл арқылы зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ, асыр, жетісі, қырқы, жүзі т.б. Зат есім сөздердің ішінде өзіне басқа мағынаны қосып алып, екінші сөздің өзіне басқа мағынаны қосып алып, екінші сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер аз емес. Мысалы, құн – экономикалық термин, екпін- тіл біліміндегі термин, буын, сөз, мағына, есім, шылау, одағай, үстеу дегендер де сол сияқты. Мұндай термин мәнін алған сөздер әр ғылымда да баршылық. Теңеу, суреттеу, өлең - әдебиет саласындағы терминдер. Ал қимыл, қозғалыс сияқты терминдер математикада көптеп қолданылып келеді. Адам мүшесіне байланысты терминдер медицинада өте көп. Олар- осы сөздердің жаңа мағынасы. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа жасалуы – өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика- семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар: 1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі; Қарсыласса қырылып қалатынын біліп, серіктеріне ескерту жасады. Мұндай кезде орнынан тұрып, өздері қоныстанған сайдың қыр желкесіне шығып, Тар сайдың кіре беріс аузына қарап, мелшиіп тұрады да қояды. Бұлар иіріліп тұрған жер жан- жағын биік- биік тау қоршаған бір отар қой әрең сияр ойпаң. 2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы. Қаракүңгірт дәлізде үсті- басын қағынып жатқанда, есігі ашық бөлмеден басқан көріктің дауысын естіді. Қызыл бет қазақ оған басқаша әсер қалдырды. Бауыр басып қалған жерді қиып кету де оңай соқпайды екен. Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп,басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс – етістік, қимыл, бірге, біреу - сан есім, сандық ұғым, басқа - сын есім, өзге- есімдік (Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу- есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге- сын есімге көшкен мағынасы келтірілді). Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану ( субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану көбіне ықшамдау заңдылығына байланысты болатын құбылыс. Мысалы қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір- бірімен мағыналас. Осыдан бір жұмадай өткенде Шынар мен Елеусіз Лизаның үйіне барды (Т.Ә.). Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш «жеті күн» мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үш, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Соққан, туысқан,суыртпақ, қашаған сияқты зат атаулары да жоғарыдағы сияқты сөздермен бір жол, тәсіл арқылы заттанған. Бір, біреусөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика- семантикалық тәсілдің орны барын білдіреді. Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер сөзжасам ілімінің зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.