ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ әдебиеті тарихында Сыр сүлейлері атауымен өзіндік шығармашылық мектеп қалыптастырған халық жүрегіне берік орныққан бір топ ақындар шоғыры бар. Солардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның қазақ әдебиетіндегі мысал жанрына қосқан үлесі ұлттық мәдени тарихында айрықша дараланып көрінеді. Мысал – өзіндік ерекшелігі бар жанр. Ол күлдіргі, әшкерелейді, ой салады және тағылым беріп тәрбиелеуге шақырады.
Мысал арқылы ақындар рухани құндылықтарды арқау етіп, талғам биігінен көрінуді басты назарда ұстаған. Мысалда ең жоғары құндылық адамды дәріптеу, оның игі қасиеттерін үлгі етеді. Академик З.Қабдолов: «Мысалдың өзінше тән жанрлық ерекшелігі барлығы даусыз. Өмірде сатираға негіз болу үшін өзі күліп тұрған тақырып жоқ. Демек, мысал арқылы әзіл, мазақ, шенеу сияқты суреттеліп, соңында тобықтай түйін тұспалдап берілетін мысалдың сипаты әр түрлі болып келеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем, туынды – миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.», - дейді. Өлке әдебиетінде сыр сүлейлерінің мысал жанрына қосқан үлесін белгілеуде О.Шораяқовтың даралығы сол аллегориялық кейіпкер ретінде адамның мінездемелік қасиетін анық береді.
Мысал өлеңдер көбіне өлеңмен жазылады, десек те, жай сөз түрі де, саукық сөз түрінде де болады. Зерттеуші ғалым Ғ.Тұяқбаев: «Мысал жанры біз сөз етіп отырған сыр бойындағы әдеби ортада да ерекше сипатқа ие болды. Бұл әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ақындар шығармашылығында айқын байқалды. Т.Ізтілеуовтің «лұқпан Хакім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпішешен», Шораяқтың Омарының «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен» т.б. мысал үлгісіндегі жазылған шығармалар», - дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқтың Омары; Құраст. Әбжан Айсауытов.- Алматы: Рауан, 1995.- 301 бет.
2 Шораяқов Омар. Шайыр: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқов Омар; Құраст. М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1984.- 176 бет.
3 Шораяқтың Омары. Шығармалары: Терме-толғаулар, өсиет-мысалдар, айтыстар мен дастандар / Шораяқтың Омары; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 б.-(Сырдария кітапханасы)
4 Шораяқұлы О. Жастарға өсиет (Ташкентте оқып жүрген Шайхыға): Өлең / Шораяқұлы О. // Ана тілі.- 2014.- 4-10 қыркүйек (№ 35).- 100 б.
5 Шораяқтың Омары: «Қай жерде болмай жатыр қазақ күлкi?!»: [Ақын О.Шораяқовтың жаңадан табылған туындылары / Алғы сөзiн жазған М.Қаржауов] // Ана тiлi.- 1994. — 7 шiлде.- 114 б.
6 Қаржауов М.Ә. Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Қаржауов М.Ә.- Алматы, 1996.-124 б.
7 Омар Шораяқов: Өмiрi мен творчествосы туралы анықтама // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- 244 б.
8 Омар Шораяқұлы //Жыр маржаны: Қазақ поэзиясының антологиясы.- Алматы: Mereke baspasy, 2014. – Т.2. – 462 б.
9 Омар Шораяқұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 408б.
10 Омар Шораяқұлы //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия. – Алматы,1989. – Т.4. – 465 б.
11 Шораяқтың Омары //Жырау. – Қызылорда: Тұран, 2005. – 116 б.