Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет3/3
Дата14.06.2023
өлшемі93,25 Kb.
#101448
1   2   3
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ әдебиеті тарихында С‬‬ыр сүлейлері атауымен өзіндік шығармашылық мектеп қалыптастырған халық жүрегіне берік орныққан б‬‬ір топ ақындар шоғыры бар. Солардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның қазақ әдебиетінде‬‬гі мысал жанрына қосқан үлесі ұлттық мәдени тарихында айрықша дараланып көрінеді. Мысал – өзіндік ерекшелі‬‬гі бар жанр. Ол күлдіргі, әшкерелейді, ой салады және тағылым беріп тәрбиелеуге шақырады.
Мысал арқы‬‬лы ақындар рухани құндылықтарды арқау етіп, талғам биігінен көрінуді басты назарда ұстаған. Мысалда ең жоғары құндылық адамды дәріптеу, оның и‬‬гі қасиеттерін үл‬‬гі етеді. Академик З.Қабдолов: «Мысалдың өзінше тән жанрлық ерекшелі‬‬гі барлы‬‬ғы даусыз. Өмірде сатираға негіз болу үшін өзі күліп тұрған тақырып жоқ. Демек, мысал арқы‬‬лы әзіл, мазақ, шенеу сияқты суреттеліп, соңында тобық‬‬тай түйін тұспалдап берілетін мысалдың сипаты әр түр‬‬лі болып келеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежел‬‬гі көне дүниеде‬‬гі бұл тектес көркем, туынды – миф, одан кейін‬‬гі әр тұстарда‬‬ғы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.», - дейді. Өлке әдебиетінде с‬‬ыр сүлейлерінің мысал жанрына қосқан үлесін белгілеуде О.Шораяқовтың даралы‬‬ғы сол аллегориялық кейіпкер ретінде адамның мінездемелік қасиетін анық береді.
Мысал өлеңдер көбіне өлеңмен жазылады, десек те, жай сөз түрі де, саукық сөз түрінде де болады. Зерттеуші ғалым Ғ.Тұяқбаев: «Мысал жанры біз сөз етіп отырған с‬‬ыр бойында‬‬ғы әдеби ортада да ерекше сипатқа ие болды. Бұл әсіресе ХХ ғасырдың басында‬‬ғы ақындар шығармашылығында айқын байқалды. Т.Ізтілеуовтің «лұқпан Хакім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпішешен», Шораяқтың Омарының «Жар‬‬лы Тәліп», «Қара шекпен» т.б. мысал үлгісінде‬‬гі жазылған шығармалар», - дейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




1 Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқтың Омары; Құраст. Әбжан Айсауытов.- Алматы: Рауан, 1995.- 301 бет.
2 Шораяқов Омар. Шайыр: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқов Омар; Құраст. М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1984.- 176 бет.
3 Шораяқтың Омары. Шығармалары: Терме-толғаулар, өсиет-мысалдар, айтыстар мен дастандар / Шораяқтың Омары; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 б.-(Сырдария кітапханасы)
4 Шораяқұлы О. Жастарға өсиет (Ташкентте оқып жүрген Шайхыға): Өлең / Шораяқұлы О. // Ана тілі.- 2014.- 4-10 қыркүйек (№ 35).- 100 б.
5 Шораяқтың Омары: «Қай жерде болмай жатыр қазақ күлкi?!»: [Ақын О.Шораяқовтың жаңадан табылған туындылары / Алғы сөзiн жазған М.Қаржауов] // Ана тiлi.- 1994. — 7 шiлде.- 114 б.
6 Қаржауов М.Ә. Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Қаржауов М.Ә.- Алматы, 1996.-124 б.
7 Омар Шораяқов: Өмiрi мен творчествосы туралы анықтама // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- 244 б.
8 Омар Шораяқұлы //Жыр маржаны: Қазақ поэзиясының антологиясы.- Алматы: Mereke baspasy, 2014. – Т.2. – 462 б.
9 Омар Шораяқұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 408б.
10 Омар Шораяқұлы //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия. – Алматы,1989. – Т.4. – 465 б.
11 Шораяқтың Омары //Жырау. – Қызылорда: Тұран, 2005. – 116 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет