Курстық жұмыс


Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі



бет7/17
Дата07.01.2022
өлшемі126,13 Kb.
#20478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс Бақнұр

1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

Балалар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы балабақша педагогикалық ұжымының, балабақшадан тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Балабақша балаларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:

–әр топта жетісіне екі рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;

– күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (оқу қызметіне дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар);

–ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;

–дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен жаттығуларды қосқандағы топтан тыс жұмыстар.

Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге бөлінеді.

Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі).

Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.

Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет