Курстық жұмыс


Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары



бет9/17
Дата07.01.2022
өлшемі126,13 Kb.
#20478
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс Бақнұр

2.1. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары

 

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.

Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.

а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;

ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;

б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;

д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.

Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.

Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.

Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.

Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет