Кіші әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер: ә,б,в,г,е,о,с,ь.
2. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер: а,д,з,и,л,м,н,ң,п,т,у,ү,һ,ц,ч,ш,щ,ы,ю,я.
3. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ғ,й,к,қ,ө,р,ұ,х,і,э.
4. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ф,ж.
Ескерту: Ж әріпінің элементтерін екі түрлі етіп жазуға болады:
Бас әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер: А,Ә,В,Д,Е,З,И,Л,М,Н,О,С,У,Ү,Ц,Ч,Ш,Щ,Ы,І,Ю,Я.
2. Біз үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер: Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э.
3. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер: Г,Ж,П,Е,Ф.
4. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп: Т.
Сауатты көркем жазудың негізі - әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл жұмыс шығармашылықпен ұштастырғанда ғана оқушы сауатты көркем жазуға төселеді.Осы мақсатта оқу белсенділігін арттыратын әріптік, буындық үлестірмелі материалдар пайдаланып, берілген сөздерді талдап, өзінің кассаларынан сөз құратып, оқытып, ауызша жат жазу жүргізу керек. Ауызша арқылы құралған сөзді тақтаға жазып, қатесіз көркем етіп дәптерге жазғызып, оны оқытып тақтамен салыстыру керек. Үйрету жат жазулары жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бір – екі әріпті үйретісімен сабақ сайын үйрету диктантын жатқа жазуда оқушы сауатын ашып, естуін дамытады. Осыдан жұмыстың біріне әріпті жат жазуды ұсынамыз. Мұнда үйренген дыбыстардың әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Ол үшін әріп жазуын мынадай мазмұнда өткізген жөн:
Естілу бойынша жазу
Кіші әріпін жазу
Жаттап жазу
Іздеген әріпін жазу
Дауыстыны жазу
Дауыссызды жазу
Суреттегі затты атап, бас әрпін жазу
Алфавиттік жұмбақты шешу
Әріп диктанттынан кейін қатемен жұмыс істелінеді. Ол үшін:
- өткен дыбысты есту бойынша жаза алмаса, суретші дидактикалық материал, жетекші сурет көрсетіп, алфавиттен таңбалануын көріп жазу немесе әр түрлі зат суретін көрсетіп, сол дыбыстан басталатын затты табу, әріпті жазу, білмесе оқушылар көмегімен орыдап дәптерге жазғызып, жаттықтырып, есінде сақталғанша жұмысты жалғастыру – алфавиттін берілген әріпті іздеп табу, жеке кассада жинау. Бұл үшін « Кім көп тереді? », « Теруге қатыс », « Жарысқа түс » деген ойындар ұйымдастыру нәтижесін көрсетті. – Бас әріппен кіші әріпті аралас беріп тауып жазу астын сызу жұмыстарында: « Қатем бар ма? », « Өзіңді байқа », « Іздеріңді тап » сияқты ойындар арқылы жұмыс істеу қолайлы.
Әріп жат жазуын жазуға үйренген оқушылар да сол әріптерден құралған буын диктантын жаздыру қажет. Алдымен буын кестесімен жұмыс жасап оқушы дағдысын жетілдіреміз.
Буын жат жазуда мынадай үлгіні ұсынады:
берілген әріптен буын құрау.
Жоқ буынды табу.
Буын жігіне айыру ( ажырату )
Буындар құрау, буындап сөз жазу.
Бастауыш сыныпта жазуға үйретуді машықтандыруда әріп буын жат жазуларын дұрыс жазып сөздердің мазмұнын түсініп алмайынша бірден сөз сөйлем жат жазуларын өз дүниесінде сауатты жазу мүмкін емес.
Жат жазу жиі болса оқушылардың сауаты артады. Жат жазудың мақсаты – оқыған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау. Баланың жазу дағдыларын жүргізуде жат жазу жүргізу жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы және көшіріп жазу жат жазуы.
Бұл үшін:
- Жекелеген жұмыс беріп, жіберген қатесін жаттығуға етіріп, қайталап пысықтау;
- Ауызша жауапта қате кеткен ережені сұрау;
- Қиын тапсырманы сынып болып орындау;
- Бірін – бірі тексеру;
- өзін - өзі тексеру;
- қате кеткен сөздегі әріптің астын сызу;
- құралдармен жұмыс;
- диогностикалық картамен есеп алу;
- ойын түрлерін қолдану;
Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушыларының біреуін немесе әрбір жеке оқушда жазба жұмыстарын орындау барысында әр түрлі психикалық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психологиялық өзгерістерді байқамаудың салдарынан орындалған жазба жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.
Жазба жұмыстарын орындау, жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақатында психологиялық анализ жасауды көпшілік педагогтар қолдап отырса да, психологтар да, методистер де жазу жұмыстарына арналған шын мәніндегі методологиякалық сипаттаманы бере алмай отыр. Осыдан келіп оқушылардың көркем әрі сауатты жазудағы кемшіліктері мен жазу жылдамыдығын арттыру барысында жазу айқындығының төмендеуінің себептері ашылмай отыр.
Жазу дағдыларын қалыптастыру мен одан әрі дамыту үшін мектепке және оқушының жеке оқушының жеке басына қойылатын гигиеналық талаптарды орындаудың да маңызы зор. Сынып жһазыдарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта оқушы бойына сәйкес болуы және оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануы – оқушылардың жазу дағдыларын жақсы меңгеруіне қойылатын негізгі шарттардың бірі. Сабақта орындалатын ауызша және жазбаша жұмыстардың түрлерін ескере отырып, мұғалім өз сабағын жоспарлауда бұл талаптарға баса назар аударған жөн. Көлемді жаттығу жұмыстарын орындату барысында оқушылар шаршайды, әрі көзі де талады. Сондақтан сабақ үстінде минуттік демалысты ұйымдастыру, дене қимылдар жаттығуын жасату тиімді.Оқушылардың жазу кезінде қойылатын гигиеналық талаптарды орындауы оның мектепте оқыған барлық кезіңінде де сақталынып отыру қажет.
Оқушы жазуының айқын болмау себебін біз көбінее, оның жазуға жете мән бермеуінен, дыбыс таңбаларының нақты формасын ұмытуынан немесе жазу жылдамыдығының өте жоғары деңгейде болуынан деп жүрміз. Сондықтан аталған кемшілікті қайталамауға, айқын, көркем жаза алмаған жағдайда баяу, асықпай жазуға кеңес берумен шектеліп елеміз. Бірақ бұндай түсініктемелер мен кеңестер оқушының жазу дағдыларын дамытуға аздық етеді. Оқушының жазу жұмыстарына жете мән бермеуі, дыбыс таңбларының жазылу формасын ұмытып қалуы ғана жазу айқындығы мен көркемдігін төмендетпейді. Сонымен қатар, оның әдемі, айқын жазуға деген шамадан тыс ұмтылысы да жазу айқындығының төмендеуне әсер тигізді. Яғни, оқушының жазу жылдамдығын бірден емес бірте – бірте дамытып отыруы тиімді. Оқушы дыбыс таңбаларының дұрыс жазылуын ұмытып қалады деу де бір жақта пікір. Өйткені оқушы баяу жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс жаза біледі де, тек жазу жылдамдығы артқан кезде ғана асығыстыққа жол беріп, кемшілікке ұрынады. Әсіресе, оқушылардың жылдам жазу кезінде н, п, и, к әріптері мен м, ш, т әріптерін бір – бірінен ажырату көп қиынық келтіреді.Оның себебі оқушылдар бұл дыбыс таңбаларын үзіліссіз, бір бағыттағы қозғалыспен жазады да, дыбыстардың өзіндік жазылу формасын сақтамайды. Әйтсе де, жазу айқындығын сақтап жаза алады.
Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларының жазылу формасын, олардың бірі – бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеру шарт. Бұл шарттардың барлығы а балалар бойында жау кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |