Курстық жұмыс



бет16/17
Дата21.04.2022
өлшемі57,1 Kb.
#31830
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
курстық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек.

Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі.

Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.

Графикалық – каллеграфикалық дағдыны қалыптастырудың орфографиялық дағдыны қалыптастырумен байланыстылығын ескеріп отыру. Жазуға үйретудің әр түрлі тәсілдерін тиімді қолдана білу.

Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін білу мұғалімнің, қазақ тілі сабағындығы көркем жазу минуттарын жоспарлай білу сияқты жазуға үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктеріне сүйену қажет.

Оқу тәрбие жұмысында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша жазбаша жеткізе білуге үйрету – алға қойылып отырған мақсаттардың бірі болды. Бұл жұмысты қалыптастыруда жат жазу, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор екенін көрінді. Жазуға үйретудің оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күннен бастап жазуға қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алғаш білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат беру. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітапшаларынан, журналдарынан алу, ертегі, әңгіме оқытып, жазғызған жөн. Жазуға төселдеру үшін шығармашылық пен ізденіс шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірілген дұрыс.

Қорыта келе бастауыш мектепте жазуға үйретудің жалпы негіздері:

1. Жазуға үйретудің психологиялық физиологиялық ерекшеліктерін;



  1. Жазу дағдыларына машықтану кезеңдерін;

  2. Жазуға үйретудің гигиеналық талаптар;

  3. Жазуға үйретудің әдіс – тәсілдерін қолдану жолдарының тиімділіктері;

  4. Оқушы жазуына қойылатын талаптарды білу;

  5. Графикалық, каллеграфикалық қателерді ажырата білу;

  6. Жазба жұмыстарын бағалауды білуден басталады демекпіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет