Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.
Курстық жұмысты рәсімдеу
Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 14, шрифт—Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті—30 мм, оң шеті – 10 мм, үстінен – 20 мм, астынан – 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т.б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.
Курстық жұмыстың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ – мазмұны.. Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және курстық жұмыстың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары парақтың соңғы жазулары болмауы тиіс. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).
Курстық жұмыстың құрамына кестелер немесе графиктер енгізуге жол беріледі. Кестені немесе графикті номерлеу бүкіл курстық жұмыс шеңберінде реттік болуы мүмкін. Кесте сөзі және оның реттік саны кестенің жоғарғы оң бұрышынан номерленуі қажет. Бір интервалдан кейін кестенің атауы көрсетіледі.
Кестеге сілтеме жасаған жағдайда кестенің номері мен кесте орналасқан бетті көрсету қажет. Кесте бір параққа сыймаған жағдайда оны келесі параққа жалғастыруға болады, онда келесі парақта жоғарғы оң жағында жазбаша әріптермен «кестенің жалғасы» деп жазылып, оның номері қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |